10:16 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2632)
156 0 0

Министр Ashyq жобасына қосылу талаптары жеңілдегеннен кейін қосымшаға қатысушылар саны үш есе өскенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Ashyq мобильді қосымшасы арқылы карантин талабын бұзған 16 663 адам анықталды. Оның ішінде 10 305-нде "қызыл" статус шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Ashyq жобасы аясында мониторинг топтары 50 мың нысанды қамтыды. 642 мекемеде карантин талаптары бұзылған.

"Цифрлық даму министрлігінен алынған деректер бойынша 10 шілдеден бері 16 663 заңбұзушы анықталды. Оның ішінде 10 305 адам "қызыл" статуспен, 6 358 адам "сары" статуспен жүрген. Осылайша 16 мыңнан астам нысанда халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыруына жол берілмеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Министр Ashyq жобасына қосылу талаптары жеңілдегеннен кейін қосымшаға қатысушылар саны үш есе өскенін атап өтті. 27 шілдеден 2 тамыз аралығында Ashyq-қа кіргендер саны 21 900-ден 67 782-ге дейін ұлғайған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2632)

Тақырып бойынша

Цой тамыз-қыркүйектегі эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады
Төрт бала жетім қалды: ерлі-зайыпты ковидтік пневмониядан қайтыс болды
Қазақстанға вакцинаның 8 миллион дозасы жеткізіледі
Қазақстандағы коронавирус: тәулік статистикасы жаңарды
Жаңа пайда болған "қою қызыл" аймаққа 4 өңір кірді
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып