Денсаулық

Цой тамыз-қыркүйектегі эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, виды города
Алматы, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Министр оптимистік сценарий карантин талаптарын сақтап, вакцина салу көрсеткіші ұлғайғанда ғана сақталатынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз-қыркүйек айларына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Эпидемиологиялық жағдайды болжау негізінде тамыз-қыркүйекте біз оптимистік сценариймен келе жатырмыз. 2 айда тіркелетін жағдайлардың болжамды саны 250 мың адамға жуықтайды. Яғни тәулігіне орташа есеппен 7 мың адам", - деді Цой үкімет отырысында.

Министр оптимистік сценарий карантин талаптарын сақтап, вакцина салу көрсеткіші ұлғайғанда ғана сақталатынын айтты.

Қазіргі уақытта Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары жаңа пайда болған "қою қызыл" аймақта тұр. Бұл өңірлерде төсек-орындардың апталық толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асады.

2 тамыздан өңірлерде шектеу шаралары күшейтілді. Бүгін Түркістан облысы қайта "сары" аймаққа оралғаны хабарланған болатын. Өңір "қызыл" аймақта бірнеше күн ғана болды.

Елде өткен тәулікте барлығы 7 481 адам коронавирусқа шалдықты.

Жаңалықтар
0