Денсаулық

Үнді штамы: эпидемиолог аурудың ұзаққа созылатынын ескертті

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Жазылу
Ауру ұзақтығы ұлғайып, инкубациялық кезең, керісінше, қысқарған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Коронавирустың "дельта" штамы бойынша ауру ұзақтығы ұлғайып, инкубациялық кезең, керісінше, қысқарды.

Бұл туралы РҒА корреспондент-мүшесі, Роспотребнадзор ОҒЗЭИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Горелов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Шынымен де, дельта штамының генотипі вирустың жылдам таралуымен және аурудың ауыр формасымен ерекшеленеді. Жаңа штамм инкубациялық кезеңнің мерзіміне кейбір түзетулер енгізді – ол қысқарып, ал ауру ұзақтығы, керісінше, ұлғайып отыр. Өйткені коронавирус ауыр түрде өтеді", - деді Горелов.

Тағы оқыңыз: Күн сайын көбейіп келеді: өткен тәулікте 7 778 адам COVID-19 жұқтырды

Бұл ретте аурудың ауырлығы көп жағдайда иммунитеттің вируспен кездескендегі жай-күйіне байланысты болады, деді дәрігер.

Сондай-ақ Горелов аурудан қорғану үшін COVID-19-ға қарсы вакцина алудың маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтар
0