Денсаулық

Министр төсек-орын тапшылығы туралы: өлімнің күрт өсуіне әкелуі мүмкін

© Photo : Служба центральных коммуникацийВице-министр здравоохранения Алексей Цой
Вице-министр здравоохранения Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі есе жүктемемен жұмыс істейді. Осыған байланысты комиссия карантин режимін күшейту жөніндегі бірқатар шараларды қарады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың тапшылығы болуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі есе жүктемемен жұмыс істейді. Осыған байланысты комиссия карантин режимін күшейту жөніндегі бірқатар шараларды қарады.

"Барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда. Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,9 есе өсті. Солтүстік Қазақстан облысында - 3,5 есеге, Қызылорда облысында - 3 есеге, Ақтөбе облысында - 2,9 есеге, Түркістан облысында және Шымкент қаласында - 2,5 есеге өсуі байқалады",  - деді Цой.

Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік сырқаттанушылық 5,2 есе артты. Жалпы республика бойынша өлім жағдайының саны 2 аптада 1,8 есеге көбейді.

Министрдің айтуынша, инфекциялық және реанимациялық төсек-орынның ең көп толуы Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында байқалады.

"Егер өткен жылы 3 348 адам сырқаттанса, биыл шілде айында 2 еседен артық. Сондай-ақ, емделіп жатқан пациенттер саны 2 есеге артты. Бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы болады деген болжам бар. Бұл өлімнің күрт өсуіне әкелуі мүмкін. Тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстары тұр", - деді Цой. 

Сондай-ақ, ол қолданылып отырған карантиндік шараларға қарамастан, бірқатар өңірде көп адам баратын салтанатты іс-шараларды өткізу жалғасып жатқанына назар аударды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға мониторингтік топтар жұмысын күшейтуді тапсыруды сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігі 2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында қосымша шектеу шараларын қабылдауды ұсынды.

Оқи отырыңыз: Бес қалада карантин күшейтіледі – комиссия шешімі

Жаңалықтар
0