05:52 01 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.44
  • EUR504.91
  • RUB5.81
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2558)
4272 0 0

Дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатыр. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленді

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Президент қатысуымен өткен жиында премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейтінін айтқан болатын.

"Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды" – деп жазады "Хабар 24" телеарнасы премьер-министр орынбасарына сілтеме жасап.

Тоғжановтың айтуынша, дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатыр. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленді.

Сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Әзірге әлі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады.

Маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ковидтік" үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды. 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2558)

Тақырып бойынша

Антиваксерлер денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктеріне тап берді – видео
Цой коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады
Дәрігер коронавирустың салдары туралы: өмір бойы сақталуы мүмкін
"Жағдай жақсаратын емес": Тоқаев жаппай вакцина салуға қатысты не деді
Отандық вакцинаны ДДҰ-да тіркеуді жеделдету керек – мемлекет басшысы
Кілт сөздер:
дәрігер, үстемақы
Загрузка...

Басты тақырып