Денсаулық

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны жарты миллионнан асты

© Sputnik / Ксения ВоронинаПамятный значок о проведении вакцинации против коронавируса
Памятный значок о проведении вакцинации против коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2021
Жазылу
Өткен тәулікте астанада 1277 адам, ал Алматыда 710 тұрғын вирусқа шалдықты. Жалпы пандемия басталғалы 500 мыңнан астам қазақстандық COVID жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 5 179 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1277
  • Алматы қаласы - 710
  • Шымкент қаласы - 412
  • Ақмола облысы - 177
  • Ақтөбе облысы - 142
  • Алматы облысы - 160
  • Атырау облысы - 348
  • Шығыс Қазақстан облысы - 93
  • Жамбыл облысы - 105
  • Батыс Қазақстан облысы - 272
  • Қарағанды облысы - 703
  • Қостанай облысы - 141
  • Қызылорда облысы - 108
  • Маңғыстау облысы - 146
  • Павлодар облысы - 185
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 97
  • Түркістан облысы - 103.

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 504 290.

Жаңалықтар
0