Денсаулық

Бір тәулікте COVID пен пневмониядан 48 адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Коронавирус жұқтырудың антирекордын Нұр-Сұлтан бастап отыр. Астанада өткен тәулікте 1 367 адам вирусқа шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 48 адам қайтыс болды.

Олардың арасында 41 адамның тесті коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Жеті адамда теріс нәтиже шықты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

19 шілдедегі жағдай бойынша 58 887 адам COVID-19-дан ем қабылдап жатыр (57 269 адамда тест оң, 1 618 адамда теріс нәтиже көрсетті). 19 005 пациент ауруханада, 39 882 адам үйде емделуде.

КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар бойынша:

  • ауыр жағдайда – 1 047 пациент,
  • аса ауыр хәлде – 230 пациент,
  • 144 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте ел бойынша 5 317 адам ковид жұқтырды. Ең көп жағдай астанада тіркелді.

Жаңалықтар
0