Денсаулық

Қазақстанда бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасы тіркелді

© AFP 2024 / TIZIANA FABIМедик у защитном костюме шприцом набирает вакцину
Медик у защитном костюме шприцом набирает вакцину  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
"Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасының тиімділігі иммундауды қабылдағаннан кейін 28-ші күннен бастап 79,4%-ке жетеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Қазақстанда бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасы тіркелді, деп хабарлады Ресейдің тікелей инвестициялар қоры.

"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті "Спутник лайт" вакцинасын тіркегені туралы хабарлайды", - деп жазылған ақпаратта.

"Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасының тиімділігі иммундауды қабылдағаннан кейін 28-ші күннен бастап 79,4%-ке жетеді. Тиімділік есебі жаппай азаматтық вакциналау бағдарламасы аясында бір ғана екпе алған және 2020 жылдың 5 желтоқсанынан 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін түрлі себеппен екінші екпені алмаған ресейліктердің деректері негізінде дайындалды. 80% деңгейіндегі тиімділік көрсеткіші екі компонентті салғызуды қажет ететін басқа көптеген вакцинаның тиімділік көрсеткішінен әлдеқайда жоғары, деп мәлімдеді Ресейдің тікелей инвестициялар қоры.

"Спутник V" вакцинасы қазірдің өзінде Қазақстанда жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін сәтті қолданылып жатыр. "Спутник лайт" препаратын тіркеу елде коронавирусқа қарсы тағы бір тиімді және қауіпсіз вакцинамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Спутник лайт" халықты вакциналау мерзімін қысқартады және ұжымдық иммунитет қалыптастыруды жылдамдатады", - деді қор басшысы Кирилл Дмитриев.

Осы жылдың ақпанында Қазақстан қос компонентті "Спутник V" вакцинасын тіркеп, оның "Қарағанды фармацевтика кешенінде" шығарылуына қол жеткізді.

"Спутник V" вакцинасы жалпы халық саны 3,5 миллиард адамды құрайтын әлемнің 67 елінде қолданылып отыр.

Жаңалықтар
0