Денсаулық

Желіде балаларға вакцина салуға қатысты жалған ақпарат тарады

© Sputnik / Владислав ВодневДевочка на улице
Девочка на улице - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2021
Жазылу
Видео авторы егер қазақстандықтар баласына коронавирусқа қарсы екпе салдырудан бас тартса, оларды ата-ана құқығынан айыратынын айтқан

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық ата-аналарды балаларына коронавирусқа қарсы вакциналаудан бас тартқаны үшін жазалайтыны, тіпті ата-ана құқығынан айыратыны айтылған видео тарады.

Видеоны Айна Бәкеева деген әйел Нұр-Сұлтан қаласында министрліктер үйі маңында түсірген. Ол Қазақстанда ата-аналар тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтайтын жұмыс топтары құрылғанын мәлімдеді. Бұл топтар дәрігерлерді оқытатынын айтты. Әйел балаларды коронавирусқа қарсы вакциналаудан бас тартуды зорлық-зомбылық деп атайды.

Ол Instagram парақшасында өзін дәрігер деп, адамдарды коронавирусқа қарсы "мәжбүрлі вакцинацияға" қарсы петицияға қол қоюға шақырады.

"Балаңызға вакцина салдырудан бас тартсаңыз, дәрігер полицияға жүгінеді. (...) Бұл балаға қатысты зорлық-зомбылық ретінде қарастырылады. Баланы отбасынан алып кету мәселесі шешіледі", - дейді әйел.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды StopFake.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балаларға жасалатын барлық медициналық манипуляциялар тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазір Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина тек кәмелет жасына толғандарға ғана салынады.

Жаңалықтар
0