Денсаулық

Мамандар бауыр үшін қауіпті жеті тағамды атады

© Sputnik / Медиабанкке өтуФастфуд. Архивное фото
Фастфуд. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Ең алдымен сарапшылар құрамында қанты бар тағамдарға ерекше назар аударуға кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Кейбір тағамдар адам ағзасындағы маңызды органдардың бірі - бауырға тікелей қауіп төндіреді. "Риа Новости" "Доктор Питер" порталына сілтеме жасай отырып, олардың ішіндегі ең қауіпті жетеуі туралы хабарлайды.

Ең алдымен, мамандар құрамында қант бар тағамдарға назар аударуға кеңес береді. Олардың қатарында қауіпті химиялық зат, хош иістендіргіш пен бауырдың тиімді жұмысын қиындататын қоспалар кіретін газдалған сусындар тұр.

Сондай-ақ консервіленген жемістерді шамадан тыс пайдаланбаңыз. Оның құрамында да фруктоза көп. Бұл қантқа ұқсас әсер беруі мүмкін.

Сонымен қатар бауыр артық тұздан зардап шегеді. Мысалы, чипстердің немесе кептірілген нанның бір пакетінде тұздың күнделікті нормасының жартысы бар. Сондай-ақ мамандар алкогольді, әсіресе күшті алкогольді сусындарды шамадан тыс ішуден сақтандырады. Себебі бұл бауырды күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүрлейді.

Крекер де бауырға зиян. Өйткені ол тазартылған көмірсулар, қант, жүгері сиропы және ақ ұннан жасалады.

Шұжық пен етті майсыз етке (тауық немесе күркетауық) ауыстырған жөн.

Мамандар қуырылған тағамнан бас тартуға кеңес береді.

Жаңалықтар
0