19:14 20 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
83 0 0

Sputnik V вакцинасының 2-компонентін салдырған Sicim компаниясының қызметкері бұрын эпилепсияға шалдыққаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған әйелдің есінен танып қалғаны туралы видео тарады. Оқиға Теңіз кенішіндегі вахталық қалашықтардың бірінде болған, деп хабарлады Ақ Жайық.

Осы жағдайға байланысты "Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Компания Теңіз кенішінде вакцина алғандарды бақылау кезінде мердігер компанияның қызметкерінің денсаулық жағдайы нашарлағанын растайды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, толық медициналық тексеруден өтіп жатыр. Денсаулығы жақсарған соң, клиникадан шығады",  - деп атап өтті компания.

Қазір Теңіз кенішінде 28 000 қызметкер вакцина қабылдаған, мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған.

Кейінірек бұл оқиғаға қатысты өңірлік коммуникация қызметі ақпарат таратты. Ресми мәліметке сәйкес, Теңізде вакциналаудан кейін денесі құрысып қалған әйел бұрын эпилепсия сырқатымен есепте тұрған.

Ол Sicim компаниясының қызметкері, Sputnik V вакцинасын (2-компонент) алғаннан кейін 30 минуттық бақылау кезінде эпилепсия ұстамасы ұстаған.

"2021 жылдың 5 маусымында вакцинаның 1-компонентін салдырды. Вакцина алатын күні әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық болды, шағымы мен дене қызуы болған жоқ. Өзі бұрын эпилепсия сырқатына байланысты тұрғылықты жері бойынша неврологтың есебінде тұрғанын жасырып, ерікті түрде вакцина қабылдауға келісім берді. 2010 жылы оның эпилепсияға шалдыққаны анықталды, сол сырқаты бойынша тексеруден өтіп, тұрғылықты жері бойынша неврологтан ем қабылдаған. Әйелдің айтуынша, кейін ондай ұстамасы болмаған. Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қабылдаған", - делінген хабарламада.

Вакциналау станциясының медициналық қызметкерлері әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетті, содан кейін ол ТШО клиникасына жеткізілді, онда ол 4 шілде күнгі таңертеңге дейін дәрігердің бақылауында болды.

Загрузка...

Басты тақырып