Денсаулық

Вакцина салғызғаннан кейін күнге күюге бола ма - дәрігер жауабы

© Sputnik / Александр Ковалев / Медиабанкке өтуМальдивы
Мальдивы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Коронавирус инфекциясына қарсы екпе салғызғандар дәрігердің  нұсқаулығын есте сақтауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Жаз мезгілінде коронавирусқа қарсы вакцина салғызып жатқан азаматтар бірнеше ережені қатаң ұстануы керек. Бұл туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында пульмонолог дәрігер Сергей Пурясев мәлімдеді.

Коронавирусқа қарсы екпе салғызған адамдар мейлінше күнге қыздырынбағаны және ашық күн көзінде ұзақ уақыт болмағаны дұрыс. Дәрігер бұл аллергиялық реакция туындауына алып келуі мүмкін екенін айтты.

"Ашық күн көзінде ұзақ уақыт тұру дені сау адам үшін де қауіпті. Себебі ультракүлгін сәуле терінің күюіне, ал терідегі қабыну гистаминнің көптеп шығарылуына себепші болады. Бұл аллергиялық реакция тудыратын өте күшті фактор. Жағдайды ушықтырмас және екпеге реакция қалыпты күйде өтуі үшін вакциналаудан кейін аллергиялық процестің туындамағаны дұрыс", - деді Сергей Пурясев.

Оның айтуынша, бұл ережені вакцинаның бірінші және екінші компонентін алғанда да есте ұстау керек.

"Шамамен бір ай күтуге тура келеді: антиденелер түзіліп жатқан кезде бірінші екпеден кейін үш апта, екіншісінен кейін екі апта. Егер теңізге, саяжайға бару жоспарда болса, онда ертерек екпе салдырып алу қажет", - деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдыру мен ПТР-тест тапсыру міндетті бола ма - маңызды 10 сұрақтың жауабы

Егер адам екпе салғызғаннан кейін демалысқа аттанса, онда ашық күн көзінен сақтанып, әсіресе түс мезгілінде көшеге көп шықпауы керек.

"Егер теңізге барсаңыз, онда жағажайға таңғы 6-да барып, 10-11 шамасында кетіп қалған дұрыс. Сол сияқты кешкі сағат 5-6-дан кейін де қайта баруға болады. Сонымен қатар әрдайым өзіңізбен бірге гистаминнің шығуы мен оның ағзаға уытты әсерін бәсеңдететін антигистаминді препараттар алып жүріңіз", - деді пульмонолог.

Жаңалықтар
0