Денсаулық

Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуТорговый центр
Торговый центр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Мамандар жарамдылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін жеуге болатын 15 азық-түлік өнімдерін атады

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Испанияның тұтынушылар ұйымы азық-түлік өнімдерінің 15 атауын жариялады. Соның бәрін жарамдылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін жеуге және ішуге болады, деп хабарлайды РИА Новости.

Мамандардың айтуынша, ең қысқа жарамдылық мерзімі мен тұтыну мерзімінің айырмашылығы бар. Мәселен, ең қысқа жарамдылық мерзімі өтіп кеткенде өнімнің қасиеттері жоғалады. Алайда оны әлі де жеуге болады.

"Иә, шикі ет пен балық сияқты тез бүлінетін өнімдер бар. Ондайда жаңағыдай тәртіп жүрмейді", - дейді мамандар.    

Дегенмен, ең қысқа жарамдылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін қолдануға болатын азық-түлік өнімдері бар. Олар:

  • Йогурттар;
  • Тостерге арналған нан;
  • Кептірілген жемістер;
  • Қақталған шұжық;
  • Қақталған балық;
  • Консервіленген томаттар;
  • Макарон;
  • Чипстер;
  • Бұршақ дақылдары;
  • Күріш;
  • Салқындатшық сусындар;
  • Майқоспа нан өнімдері мен печенье;
  • Алкоголь;
  • Тосап;
  • Тез әзірленетін кеспелер.

Мұздатуға және кептіруге болады

Испанияның тұтынушылар одағы тұрып қалған нанды пудинг, француз тосты, тирамису, кепкен нан ұнтағы, сарымсақ көже мен қуырылған нанды әзірлеу үшін қолдануға кеңес беріп отыр.

Оқи отырыңыз: Бала тамақтан уланса не істеу керек

Шұжық өнімдерінің мерзімі жақындап қалса, мұздатып тастауға болады. Бұдан бөлек, ірімшікті де мұздатуға болады. Алайда артынан оның құрылымы өзгереді, ірімішік кеуіп қалады. Көкөніс пен жемістер де солай. 

"Үстелде тұрған жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері шіріп, көгере бастаса, бүлінген жерін алып тастап, қолдана беруге болады. Алайда барынша сақ болу қажет. Себебі зең қалып қоюы мүмкін. Одан бөлінетін уытты заттар қатерлі ісік пен генетикалық өзгерістерге әкеліп соқтырады", - дейді мамандар.

Ал шикі ет пен балықты бірден мұздатып қою қажет. Ал бүліне бастаса, ары кетсе, келесі күні бірден жеп қойған дұрыс. Бірақ жоғары температуралық режиммен өңдеп шығу қажет. Сонда қауіпті патогендер жойылады.

Жаңалықтар
0