Денсаулық

Онколог бауыр қатерлі ісігінің белгілерін атады

© Sputnik / Виталий АньковАрхивное фото мужчины, находящегося в состоянии стресса
Архивное фото мужчины, находящегося в состоянии стресса - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Ісіктің бастапқы кезеңдерінде ешқандай белгі байқалмауы мүмкін немесе басқа аурулардың тасасында қалады

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Онколог дәрігер Андрей Пылев бауыр қатерлі ісігінің пайда болғанын білдіретін бірнеше симптомды атады, деп хабарлады РИА Новости.

Дәрігердің айтуынша, бірқатар онкологиялық аурудың, соның ішінде бауыр қатерлі ісігінің бірнеше белгісі болады. Олар – салмақ жоғалту, ауырсыну, бейжайлық және әлсіздік.

"Егер ісік бауыр қақпасында болса және өт жолдарын басса, науқас сарғаюы мүмкін, егер ісік шетінде пайда болып, бауыр капсуласын созса, онда айқын ауырсыну сезімдері болады", - деді дәрігер.

Ісіктің бастапқы кезеңдерінде ешқандай белгі байқалмауы мүмкін немесе басқа аурулардың тасасында қалады.

Гастрит ауруы туралы не білу керек: белгілері және емі

Көптеген эпидемиологиялық зерттеуге сәйкес, көп жағдайда бауыр ісігіне вирустық факторлар әсер етеді. Сондай-ақ ісік ағзада созылмалы қабыну процестері болған кезде пайда болады.

Жаңалықтар
0