22:24 29 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.64
  • EUR501.63
  • RUB5.78
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2552)
52 0 0

Қазақстан бойынша 800-ге тарта адам коронавирусты қайта жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусты қайта жұқтырған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ел арасында егер адам коронавируспен ауырып шықса, қайтадан жұқтырмайды деген пікір бар. Бұл мүлдем дұрыс емес. Қазақстан бойынша 800-ге тарта адам коронавирусты қайта жұқтырды. Олар вакцина салдырмаған", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр вирусты қайта жұқтыру деректері тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де тіркеліп жатқанын атап өтті. Осы орайда ол қазақстандықтарды вакцина алуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Мамыр айында денсаулық сақтау министрлігі 600-ге жуық адам коронавируспен қайта ауырғанын мәлімдеген еді.

Пандемия басталғалы республикада індетке шалдыққандар саны 404 064 адамға жетті.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2552)
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып