Денсаулық

Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты

© REUTERS / YVES HERMANВрач проверяет работу аппаратуры в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врач проверяет работу аппаратуры в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Елімізде 21 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделуде

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты. Өткен тәулікте 9 қазақстандық коронавирустан, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 1 адам қайтыс болды.

15 маусымдағы мәлімет бойынша 21 204 адам коронавирус инфекциясынан (20 109 КВИ+ және 1 095 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 6 655 пациент стационарда, 14 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індет жұқтырған адамдар саны азая бастады

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 458 адамның жағдайы ауыр,
  • 110 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 69 науқас науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

2021 жылғы 15 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 547 363 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, II компонентін 1 435 334 адам салдырды.

Жаңалықтар
0