НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өткен тәулікте коронавирустан 11, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан 8 адам көз жұмды.
Өткен тәулікте 967 қазақстандықтың COVID-19 жұқтырғаны анықталды, тағы 11 науқас "ковидтік" пневмонияға шалдыққан.
Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты
14 маусымдағы жағдай бойынша 21 537 адам коронавирустан емделіп жатыр. Стационарларда 7 075 пациент, емханаларда 14 462 науқас ем қабылдауда.
512 пациенттің жағдайы ауыр, 113 адамның жағдайы өте ауыр, 70 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.