Денсаулық

Жыл өткен сайын адамдардың ақылдылық деңгейі төмендеп келеді – ғалым

© Photo : аккаунт театра ARTиШОК в соцсетяхARTиШОК театрының қойылымы
ARTиШОК театрының қойылымы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2021
Жазылу
Ғалымдардың болжауынша болашақта адамдардың көпшілігінде 85 жасқа дейін жүйке жүйесінің түрлі аурулары пайда болады

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. 1980 жылдан кейін туылған адамдардың интеллектуалды деңгейі алдыңғы ұрпақтармен салыстырғанда төмен, деп мәлімдеді Ресей неврология ғылыми орталығының директоры Михаил Пирадов.

Оның айтуынша, 1930-1980 жылдары туылған адамдардың IQ деңгейі кейін туылғандарға қарағанда 20% жоғары.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта өмір сүріп жатқан адамдардың көпшілігінде 85 жасқа дейін Альцгеймер ауруы немесе тамырлы деменция дерті өрши түсуі мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

"Егер біз адамзат өркениетінің өркендеуін қаласақ, онда ең алдымен, қазір өз денсаулығымызды емес, психикалық денсаулығымызды ойлауымыз керек. Өйткені ми деген – біз", – деді Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген ғалым Михаил Пирадов.

Ол болашақта Жерді дені сау адамдар мекендейтінін, бірақ олар "өздіктерінен ештеңе ұсынбайтынын" мәлімдеді.

Тамырлы деменция – бұл ми тіндерінің бұзылуына байланысты ақыл-ой функциясының жоғалуы. Өйткені, олардың қанмен қамтамасыз етілуі азаяды немесе бітеледі. Ал оның себебі әдетте соққылардан, яғни бірнеше үлкен немесе көптеген микро соққылардан болады.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар Жер бетінде тіршілік қай жылы жойылатынын есептеп шығарды

Альцгеймер ауруы – деменцияның ең көп таралған түрі, бұл мидың дұрыс жұмыс істеуін тоқтатады. Есте сақтау, ойлау және мінез-құлық проблемаларын тудырады.

Жаңалықтар
0