Денсаулық

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны жарияланды

© AFP 2024 / ADRIAN DENNISМедики в защитных костюмах готовятся к приему пациентов в центре ПЦР-тестирования
Медики в защитных костюмах готовятся к приему пациентов в центре ПЦР-тестирования  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Бір тәулік ішінде 15 қазақстандық коронавирустан, төрт науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

2 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирустан 15 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан төрт қазақстандық көз жұмды. Жалпы Қазақстанда коронавирустан 4 007 адам, COVID-19 белгілері пневмониядан 3 376 науқас көз жұмды (2020 жылдың 1 тамызынан бастап). 

Коронавирустан қанша қазақстандық емделіп жатыр

3 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 995 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 9 468 пациент стационарда, 15 527 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір тәулікте вирус жұқтырған 1400-ге жуық адам анықталды

КВИ+ и КВИ- пациенттерінің арасында:

  • 589 науқас ауыр жағдайда;
  • 128 науқас өте ауыр жағдайда жатыр;
  • 83 науқас науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0