Денсаулық

Қалқанша безінің аурулары: емдеу және алдын алу

© AFP 2024 / DIRK WAEMЖенщина проходит тест на заболевания щитовидной железы, архивное фото
Женщина проходит тест на заболевания щитовидной железы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2021
Жазылу
Қалқанша без патологиясы эндокриндік жүйе позициясында көш бастап тұр. Соңғы уақытта бұл ауру әсіресе қыз—келіншектер арасында дендеп бара жатқаны байқалады

Қалқанша безі метаболиз процестерінің басым бөлігін реттейтіндіктен, оның зақымдалуы ағзаның жұмысындағы елеулі проблемаларға алып келеді.

Қалқанша безі аурулары қандай болады

Қалқанша без ақуыз тектес Т3 және Т4 гормондарының екі түрін синтездейді. Олар басқа без – гипофизаның бақылауымен түзіледі. Гипофиза бас миында орналасқан. Сонымен қатар қалқанша без сүйектердің беріктігін қамтамасыз ететін кальций-фосфорлы айналымды реттейтін гормонды да бөледі. Гормондар тиімді бөлінуі үшін тағаммен бірге ағзаға түсетін ақуыз бен йод қажет.

Орган патологиясын екі топқа бөлуге болады:

бастапқы ауру – бұл кезде негізгі проблемалар бездің өзімен, оның құрылымының немесе белсенділігінің бұзылуымен байланысты;

қайталанған процестер – бұл жағдайда жұмысқа жауапты тропты гормонды синтездеуде ақау болса, орталық органдардағы реттілік бұзылуы салдарынан без проблемасы асқынады.

Денсаулықтағы бұл проблеманы гормондарды, соның ішінде қалқанша безін, тропты және гипофизарлы гормондарды тексеру арқылы анықтауға болады. Сондай-ақ УДЗ, биопсия, сцинтиграфия мәліметі бойынша без жұмысын бағалау керек.

Негізгі патологиялар арасында мыналарды атап өтуге болады:

Гипотиреоз – гормондардың төмен синтезі. Ол зат алмасуға, энергия бөлуге, астың қорытылуына, дене температурасына ықпал етеді.

Гипертериоз (асқынған жағдайда оны тиреотоксикоз деп атайды) – бездің шамадан тыс белсенділігі. Бұл жағдайда гормондардың көп болуы салдарынан зат алмасу процесі күшейеді.

Жемсау (зоб). Ол орган көлемінің ұлғаюы кезінде пайда болады және гормон артықтығы, қалыпты деңгейі немесе тапшылығы түрінде болуы мүмкін. Без көлемінің ұлғайып, айналасындағы тіндерді басып тұруы арқылы байқалады. Жемсау диффузды (бездің бүкіл көлемі біртегіс өседі) немесе түйінді (өсімнің жекелеген бөліктері түзіледі) болады.

Қатерлі ісік. Олар қатерсіз және обыр сипатында болуы мүмкін. Аденоманың тұрлері, киста процестері қатерсіз түріне, қалқанша безі обырының алуан түрі қатерлі ісікке жатады.

Қалқанша безі ауруларын қалай емдейді

Емдеу шаралары көбіне патология түріне және бөлінетін гормондар деңгейіне байланысты болады. Терапияның мына түрлері қолданылуы ықтимал:

- медикаментті емдеу – бұл дәрі ішу немесе препараттарды егу арқылы емдеу. Ол дәрі-дәрмек денедегі гормондар деңгейін, йод немесе ақуыз шоғырлануын түзетеді, орган құрылымы мен оның белсенділігін қалпына келтіреді.

- хирургиялық емдеу – науқастың жағдайын қалпына келтіру үшін без бөлігін немесе безді бүтіндей алып тастау (ота жасалғаннан кейін препараттар қабылдау арқылы гормондар деңгейін түзету қажет болады).

Органның проблемасы туындаған кейбір жағдайда йод препараттарымен радиотерапия жүргізіледі. Бұл без белсенділігін басу және оның жұмысын қалрпына келтіру үшін қажет.

Қалқанша безі ауруларының алдын алу

Қалқанша безі ауруларының алдын алу үшін құрамында йод пен ақуыз көп тағамдарға басымдық беру керек. Жалпы дұрыс тамақтануды әдетке айналдырып, қалқанша безінің жұмысын бағалауға көмектесетін тексерулерден тұрақты өту қажет.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Қалқанша безінің ең көп кездесетін аурулары?

Қалқанша безінің ең көп кездесетін аурулары ретінде мыналарды атауға болады:

  • созылмалы аутоиммунды тиреоидит;
  • қалқанша безінің түйінді түзілістері;
  • қалқанша безі қызметінің төмендеуі (гипотиреоз);
  • қалқанша безінің шамадан тыс гормон бөлуі (тиреотоксикоз);
  • жіті тиреоидит (қалқанша безінің вируспен зақымдалуы);
  • диффузды тиреотоксикоз;
  • қалқанша безінің онкологиялық аурулары.

Қалқанша безінің проблемалары қаншалықты қауіпті?

Қалқанша безінің кейбір аурулары қауіпті емес және ағзаға зиян тигізбейді. Бірақ олардың кейбіреуі ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Қалқанша безінің ауруларына кім жиі шалдығады?

Біріншіден, бұл аурудан ер адамдарға қарағанда әйелдер жиі зардап шегеді. Екіншіден, йод тапшылығы бар аудандарда тұратын адамдарға ерекше назар аудару керек. Тұқым қуалаушылық та рөл ойнайтындықтан, әрқашан науқастың туыстары туралы ақпаратты тексеру керек. Қалқанша безі ауруының пайда болу ықтималдығы жас ұлғайған сайын артады. Жүкті және бала емізетін аналарға да ерекше назар аудару керек.

Қалқанша безінің аурулары обыр ауруына алып келуі мүмкін бе?

Өкінішке қарай, қалқанша безінің онкологиялық аурулары жиі кездеседі. Зерттеу көрсеткендей, гипотиреоз кезінде қалқанша безінің обыры туындау қаупі артады. Түйінді жемсау да онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін. Ағзасында түйінді түзілу анықталған науқас міндетті түрде эндокринолог көмегіне жүгінуі керек. Ары қарай емдеу әдісін дәл осы маман анықтайды.

Егер гормон деңгейі қалыпты болса, бұл қалқанша безінің ауруын жоққа шығара ма?

Қалқанша безі гормондарының қалыпты деңгейі патологияны жоққа шығармайды. Бұл органның құрылымы мен қызметі әрқашан 100 процент деңгейде өзара байланысты бола бермейді. Мәселен, гормоналды анализдер қалқанша безінің қатерлі ісігін анықтай алмайды. Қалқанша безінің ахуалын бағалау кешенді түрде жүргізілуі керек.

Жемсау және қалқанша безінің басқа ауруларының алдын алу үшін адамдардың барлығы йод ішуі керек пе?

Йод тапшылығы бар аймақтарда тұратын барлық науқас (қарсы көрсетілімдер болмаса) йодты тағаммен бірге қабылдағаны жөн. Көп жағдайда бұл йодталған тұз. Сонымен қатар йод жүктілікті жоспарлау және жүктілік кезінде қажет.

Йод препараттарын дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қабылдау керек. Себебі дәрігер препаратты қанша мөлшерде және қанша уақыт қабылдау керек екенін айтады.

Жаңалықтар
0