05:54 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
92 0 0

Варикоз – бар болғаны аяқтағы тамырлардың одырайып, нашар көрінуі емес, бұл салдары ауыр жағдайға алып келуі мүмкін ауру. Дәрігерлер варикозды ұзақ уақыт емдеуден гөрі оның алдын алған жөн деп санайды

Ерлер мен әйелдерде кездесетін варикоз профилактикасының ең тиімді әдістері туралы оқи отырыңыздар.

Табан массажы

Ерлер мен әйелдердің аяқтарындағы варикоздың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі - табанға массаж жасау. Әсіресе мұндай массаж жүктілік кезінде тиімді және пайдалы. Себебі әйелдің аяғы ауыр кезінде тамырлар артық салмақ пен ісінудің салдарынан қосымша жүктемеге тап болады. Ал массаждан кейін аяқтардың қақсауы қойып, жеңілдік пайда болады, деп жазды kp.ru.

Табан массажын қалай дұрыс жасау керек

Ұйқыға жатардан 30-40 минут бұрын аяқ ваннасын қабылдаңыз. Ол үшін жылы суға теңіз тұзын, сүйікті хош иісті май тамшыларын немесе шөп тұнбасын құйыңыз. Содан кейін аяқтарыңызды осы суға біршама салып отырыңыз.

Табан массажын саусақтардың айналасын уқалаудан бастаңыз да, ақырындап өкшеге қарай жылжыңыз. Қатты уқаламаңыз. Себебі массаж кезінде ауырсыну болмауы керек.

Аяқ саусақтарына ерекше мән беріңіз – ақырын сипалаудан бастап бірқалыпты бұрауға көшіңіз.

"Табанға шамамен 10-15 минут массажау керек. Егер мұндай массажды күн сайын жасайтын болсаңыз, онда жақын уақытта аяқтарыңызда жеңілдік пайда болғанын, сондай-ақ ұйқысыздықтан арылып, өзіңізді жақсы сезіне бастағаныңызды байқайсыз", - дейді қан тамырлары зирургы, флеболог дәрігер Денис Ибрагимов.

Рационда көкөніс пен жеміс көп болсын

Дұрыс тамақтанбау, рационда майлы әрі құнарлы тағамдардың басым болуы артық салмақтың пайда болуына ғана емес, тамырлар мен қан тамырлары проблемаларына алып келеді. Сондықтан егер аяқтарыңызда тарамыс тамырлар пайда болғанын қаламасаңыз, зиянды майлы тағамдарды, фастфудты рационыңыздан алып тастаңыз және оларды жаңа піскен көкөністер және жемістермен алмастырыңыз. Олардың құрамында қан тамырларын нығайтатын, қабынудың алдын алатын және қан айналымын жақсартатын арнайы зат – флавоноидтар бар.

"Әсіресе пияз, брокколи, асжапырақ, орамжапырақтың ас мәзірінде көп болуына мән беріңіз. Бұл көксөк қан тамырларын нығайту үшін пайдалы. Ал жемістерден цитрус, яғни апельсин, мандарин, грейпрфут, лимон, помело және жасыл алма мен жүзімді жиі жеңіз", - деді флеболог дәрігер.

Емдік дене шынықтырумен айналысыңыз

Емдік мақсаттағы дене шынықтыру тек ерлер мен әйелдердің аяқтарындағы варикоздың алдын-алу ретінде емес, сонымен қатар бұл ауру алғаш көрініс берген кездегі ауырсыну мен қолайсыздықтан арылуға мүмкіндік береді. Ұйықтар алдында 15 минут қарапайым жаттығулар жиынтығын орындау жеткілікті.

Емдік дене шынықтыру варикоз профилактикасы үшін ғана емес, сондай-ақ оның алғашқы белгілері – аяқтың ісінуі, аяқ дуылдау, қышыну пайда болған кезде де тиімді. Бұл жаттығулар кешенін ұйықтауға жатар алдында орындау керек. Сонда небәрі 15 минутқа созылатын жаттығу ауру симптомдарын жеңілдетіп, оның дендеуіне жол бермейді.

Үй жағдайында қандай жаттығулар жасауға болады

Ең алдымен табанды жақсылап қыздырып алыңыз. Ол үшін аяқты 15 рет бір жаққа, артынша екінші жаққа бұраңыз.

Оң аяқпен тұрып, сол аяқты тізе тұстан бүгіңіз де, аяқтың ұшымен тұрып, табанды жоғары көтеріңіз. Осы күйде 5-10 секунд тұрып, артынша аяқтарыңызды ауыстырыңыз. Жаттығуды әр аяқ үшін 15 рет қайталаңыз.

Аяқтың ұшымен тұрып, бәсең қалыппен төмен түсіңіз – 20 рет.

Өкшені басып тұрып, асықпай төмен түсіңіз – 20 рет.

Табаннан аяқтың ұшына қарай жылжыңыз – 15 рет.

Иықпен деңгейлес биіктікте қос қолмен қабырғаға сүйеніңіз. Одан кейін аяқтың ұшымен көтеріліп, артынша қайтадан табанға ауысыңыз. Жаттығуды 15 рет орындау керек.

Төсекке отырып, аяқтың ұшымен өкшені көтеріңіз де, қайта табанды жерге тигізіңіз. 15 рет қайталаңыз.

"Ұйықтап жатқанда да аяқты аздап көтеріп жатуға тырысыңыз. Ол үшін аяқ астына кішкентай жастық қоюға болады. Бұл қан жүруді жақсартып, қанның тұралап қалуына жол бермейді", - деп кеңес береді дәрігерлер.

Скандинавиялық жүріс – варикоз профилактикасы

Спортпен шұғылданғанды ұнатпайсыз ба? Таңертеңгі жүгіру туралы ой сізді жабырқата ма? Ауқымды спорт жүктемесінің таптырмас баламасы бар. Ол – скандинавиялық жүріс. Жалпы скандинавиялық жүріс кезінде бұлшықеттердің 90 проценті іске қосылады. Ал мұндай нәтижеге спорт залда сағаттап жаттықсаңыз да қол жеткізу екіталай.

Скандинавиялық жүріске арналған таяқшалармен күнделікті серуендеу қан тұралауының алдын алады, бұлшықет тонусын туындатып, артериалық қысымды реттейді және артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ендеше бұл әдіс қан мен қантамырлардың жүктемесін мейлінше азайтып, варикоздың пайда болуына жол бермейді.

"Жаттығу нәтижелі болуы үшін скандинавиялық жүріспен дұрыс айналысу керек. Ең алдымен таяқша бауынан дұрыстап ұстаңыз. Жүріс кезінде аяқ пен қол қарсы жүріс түрінде қозғалуы маңызды. Арқаңызды тік ұстап, қолыңыз иық тұстан бастап қимылдауына мән беріңіз. Алға қарай бірқалыпты баяу қадам жасап, ауырлық күшін табан ортасы мен саусақтарға түсіруге тырысыңыз", - дейді қан тамыр хирургы, флеболог дәрігер Денис Ибрагимов.

Бассейнге барыңыз

Жүзу – ерлер мен әйелдердің аяқтарында пайда олатын варикоздың тиімді профилактикасы. Біріншіден, дене көлденең болған кезде қан аяқта тұралап қалмай, бүкіл денеде жақсы жүріп отырады. Жүзу де физикалық белсенділікпен бірдей. Бірақ жүзі кезінде жарақат алу немесе бұлшықеттің шамадан тыс жүктемесінің қаупі әлдеқайда төмен. Сонымен қатар су жұмсақ массажер ретінде әсер етеді. Соның арқасында қысым төмендейді, бұлшықеттер босайды, ісінулер кетеді.

"Тым салқын суға түспеңіз. Өйткені суық су қан тамырларының тарылуына ықпал етеді. Бассейн суының температурасы шамамен 22-24 градус болуы керек. Егер аптасына кемінде бір рет 30 минутты бассейнде өткізсеңіз, аяқтарыңызды одырайған тамырлардан сақтай аласыз", - дейді дәрігер маман.

Кілт сөздер:
дерт, ауру
Загрузка...

Басты тақырып