Мәдениет

Назарбаев Мария Мудряктың концертін тамашалады

© Photo : Elbasy.kzНурсултан Назарбаев и Мария Мудряк
Нурсултан Назарбаев и Мария Мудряк - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Жазылу
Елбасы опера әншісімен әңгімелесіп, оған шығармашылық табыс тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрына барды, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Елбасы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрына барып, белгілі опера әншісі Мария Мудряктың "Саған арнаймын, менің Қазақстаным!" атты жеке концертін тамашалады.

© Photo : Elbasy.kzНұрсұлтан Назарбаев Мария Мудряктың концертінде болды
Назарбаев Мария Мудряктың концертін тамашалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Нұрсұлтан Назарбаев Мария Мудряктың концертінде болды

Әнші "Болашақ" бағдарламасы бойынша Миландағы Жоғары музыкалық академияда білім алған, сондай-ақ Дж.Верди атындағы Мемлекеттік консерваторияны табысты бітірген. Көптеген халықаралық музыкалық конкурстың лауреаты. Әлемге әйгілі театр сахналарында өнер көрсетіп, жұртшылыққа танылған Мария Мудряк аз ғана уақыт ішінде сұранысқа ие опера әншілерінің біріне айналды.

Оқи отырыңыз: Елбасы Nur Otan партиясының төрағалығынан кеткенде не айтты 

Концерт Қазақстанның тұңғыш президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналды. Мерекелік бағдарламаға сондай-ақ баритон Владимир Стоянов (Болгария) және "Астана Опера" театрының симфониялық оркестрі қатысты. Дирижері – Альвизе Казеллати (Италия).

Концерттен кейін Нұрсұлтан Назарбаев М.Мудрякпен әңгімелесті. Әнші өзінің шығармашылық жоспарымен бөлісті. Қазақстанда тағы бірнеше концерт өткізуді жоспарлап отырғанын, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің қонақтарына арнап өнер көрсететінін айтты.

Қазақстанның тұңғыш президенті опера әншісінің жоғары кәсіпқой өнерпаз екенін атап өтіп, оған шығармашылық табыс тіледі.

Жаңалықтар
0