Мәдениет

Көптен күткен "Грэмми" Иманбекке жетті – видео

© Photo : instagram/imanbekmusicИманбек Зейкенов
Иманбек Зейкенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Сыйлықты ресми түрде табыстау 15 наурызда өтті. Алайда пандемияға байланысты Иманбек мүсіншені алуға бармады

АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов көптен күткен өзінің "Грэмми" мүсіншесін алды.

Бұған дейін Павлодар маңындағы Ақсу қаласында тұратын Иманбек Зейкенов SAINt JHN орындайтын Roses әніне ремикс жасап, "Грэмми" иеленді.

Сыйлықты ресми түрде табыстау 15 наурызда өтті, алайда пандемияға байланысты Иманбек мүсіншені алуға бармады.

"Грэмми" (Grammy) - 1959 жылдан бастап Американың Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы (NARAS) табыстайтын музыкалық сыйлық.

Биыл сондай-ақ Леди Гага, Ариана Гранде және Бейонсе де "Грэмми" иегері атанды.

Сонымен қатар Иманбек Зейкенов Billboard Awards марапатына ие болды. Billboard Awards – әртістердің музыкалық чарттардағы жетістігі үшін берілетін жүлде. Оны америкалық Billboard музыкалық баспа басылымы табыстайды.

Диджейдің айтуынша, ол жүлдені Saint Jhn орындайтын "Roses" әнінің ремиксі үшін "Үздік би/электронды ән" номинациясы бойынша жеңіп алған.

Жаңалықтар
0