Мәдениет

Қазақстан зейнеткерлері "Ты супер! 60+" байқауына қатыса алады

Жазылу
Шоуға жасы 60-тан асқан, жақындары мен туғандарының қамқорлығынсыз қалған зейнеткерлер қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. НТВ арнасы, Sputnik Халықаралық ақпарат агентті мен радиосы жалғыз қалған зейнеткерлерге арналған "Ты супер! 60+" халықаралық байқауының жаңа маусымы ашылғанын жариялайды.

"Ты супер! 60+" шоуы ТМД елдеріндегі талантты адамдарға миллиондаған көрермен алдында өзінің вокалдық қабілетін танытуға мүмкіндік береді.

Жобаға жасы 60-тан асқан, жақындарының қамқорлығынсыз (қарттар, ардагерлер үйі, әлеуметтік қорғауға алынған арнайы интернат тұрғындары) немесе жалғыз қалған зейнеткерлер қатыса алады.

Жоба қатысушылары қашықтан өткізілетін кастинг арқылы таңдалатын болады. Байқаудың өзі Мәскеуде өтеді. Жол, тұратын жер, тамақтану шығындарын НТВ телеарнасы өзі көтерді.

Өтінішті қалай жіберуге болады

  • Байқау қатысушысы өзі туралы айтып беретін видео түсіруі қажет (мобильдік телефонға да түсіруге болады). Ол видеода қатысушы аты-жөні, жасы, қай қалада тұратыны мен өзінің статусы туралы айтады. Мысалы, мен Ахметов Ахмет Ахметұлы, Алматы қаласында тұрамын, жасым 60-та, 10 жасымнан бері ән айтамын, одан кейін өзі жайлы қысқаша ақпарат.
  • Келесі бейнежазбада ән орындау қажет. Бірнеше ән орындаса да болады. Бұрын-соңды қатысқан ән байқауының видеосын да жіберуге рұқсат.
  • Анкетаны толтырып, видеоның сілтемелерін көрсету қажет.
  • Дайын видеоны Sputnik Қазақстан редакциясының astana@sputniknews.com электрондық поштасына жіберу керек. Ол жерде үміткермен кері байланыс үшін аты-жөні, қаласы мен телефон нөмірі көрсетілуге тиіс.  

Байқауға өтініш 15.12.2021 жылға дейін қабылданады.

Кастинг қашықтан өткізіледі. Байқаудың өзі Мәскеуде өтеді. Барлық шығынды НТВ арнасы көтереді. Жобада психологтар мен медициналық қызметкерлер бар.

Сауалдарды Sputnik Қазақстан редакциясына қоңырау шалып қоюға болады. Тел: +7 (7172) 47-26-73, astana@sputniknews.com.

"Ты супер!" шоуы туралы

Вокалдық "Ты супер!" шоуының алғашқы шығарылымы НТВ телеарнасында 2017 жылдың 11 ақпанда өтті. "Ты супер!" жобасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған дарынды балаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік сыйлады.  

Ол алғашқы эфирден бастап таланттарға арналған танымал шоуға айналды. Содан бері байқау жүздеген өнерпаздың жұлдызын жақты, музыкалық карьерада алғашқы қадамын жасауға мүмкіндік берді.

Кейбір балалар тіпті ата-ана қамқорлығына бөленіп, армандарына жетті.

Биыл "Ты супер!" шоуы қамқорлықсыз қалған зейнеткерлерге арналған "Ты супер! 60+" арнайы жобасын қолға алды. Оның алғашқы маусымында ТМД мен Ресейден 45 үміткер қатысты. Оның ең жасы 60-та болса, үлкені 87 жаста болды. Байқауда түрлі мамандық иелері бақ сынады. Бірі ұзақ жылдар бойы ішкі істер саласында істесе, бірі дәрігер болған. 

Қазылар құрамында Ресей әртісі Игорь Крутой, "Ночные снайперы" рок-группасының мүшесі Диана Арбенина мен танымал орындаушылар, "Маска" шоуның жеңімпаздары Неваляшка мен Единорог — Стас Пьеха және Ирина Дубцова болды.

"Ты супер!" жобасы НТВ арнасы, Sputnik Халықаралық ақпарат агентті мен радиосы және Ресей Федерациясының оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0