Мәдениет

Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің тұсаукесері өтті

© Sputnik / Данияр БейсембаевПремьера фильма "Мукагали"
Премьера фильма Мукагали - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Басты рөлді сомдаған актердің айтуынша, ол фильм үшін едәуір арықтауға тура келген

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. 2021 жылдың 21 қазанында прокатқа шығатын "Мұқағали" көркем фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

© Sputnik / Данияр БейсембаевФильмді мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсірді
Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің тұсаукесері өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Фильмді мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсірді

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұл картина ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсірді.

"Мұқағали" филмінің сценарийін танымал жазушы Жүсіпбек Қорғасбек жазды. Ол режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірге осымен үшінші рет бірлесіп фильм түсіріп отыр.

Басты рөлді Асланбек Жанбалаев сомдады. Мақатаевтың бейнесін экран алдында айнытпай бейнелеу үшін актер ұлы ақынмен жақын таныс болған адамдармен жиі сұхбаттасқан.

"Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдарында ауыр дертке шалдықты. Сондықтан кейбір кадр үшін маған арықтап, кейін қайта бұрынғы қалпыма келуім керек болды. Ақынның бойы өте ұзын болғанын бірінші рет естідім", - дейді Жанбалаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жанбалаев Асланбек (@aslanbek_zhanbalaev)

"Мұқағали" фильмінің түсірілімі 2019 жылдың жазында басталды. Режиссердің айтуынша, сол жылдардағы Алматы кейпіне ұқсайтын қаланы табу үшін түсіру тобы бүкіл Қазақстанды шарлап шыққан. Түсірілім негізінен үш қалада – Өскемен, Алматы және Санкт-Петербургте өткен.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9 ақпанында туған. 1975 жылдың 5 наурызында дүниеден өтті. Оның туындылары ұлттық әдебиет қорын толықтырып тұр. 1962 жылы "Социалистiк Қазақстан" басылымы шығарған "Аппассионата" поэмасы ақынға үлкен танымалдылық алып келді.

Жаңалықтар
0