Мәдениет

Мал сүйегіне сурет салатын шебер: Қолөнер бұйымына қытайлар қатты қызығады  

© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивіненМал сүйегіне сурет салатын шебер
Мал сүйегіне сурет салатын шебер - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
60 жастағы ақмолалық Бектас Кәрімұлы малдың жауырын сүйегін жонып, түрлі қолөнер бұйымын жасаумен айналысады. Алайда шебер бұл өнерін жаңғыртып, саудаға шығару үшін ең алдымен жақсы шеберхана қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақтың дәстүрлі шаруашылығында төрт түліктің орны ерекше. Жесең ас, мінсең көлік, ішсең сусын. Тіпті сүйегін кәдеге жаратып отырғандар бар. Соның бірі – Ақмола облысы Шортанды ауданында тұратын Бектас Кәрімұлы.

60 жастағы азамат он алты жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген. Суретші мамандығын меңгергеннен кейін театр сахнасын әрлеуші болып жұмыс істеген. Ал Қазақстанға келген соң аудандық мәдениет үйіне суретші болып жұмысқа орналасты.

© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивіненБектас Кәрімұлы он алты жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген
Мал сүйегіне сурет салатын шебер: Қолөнер бұйымына қытайлар қатты қызығады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Бектас Кәрімұлы он алты жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген

Бектас Кәрімұлы бос уақытында малдың жауырын сүйегіне қиялына қарай сурет салады, кейде сүйекті жонып, әртүрлі қолөнер бұйымын дайындайды.

Sputnik Қазақстан тілшісі ақмолалық суретшімен сөйлесіп, ерекше өнердің қыр-сырын білді.

Сүйекті "сөйлеткен" шебер

Бектас Кәрімұлы малдың жауырын сүйегіне сурет салумен 2014 жылдан бастап айналысады. Бұл хобби көрмеге қатысқан кезден басталған.

© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивіненШебер сүйекке сурет салумен 2014 жылдан бастап айналысады
Мал сүйегіне сурет салатын шебер: Қолөнер бұйымына қытайлар қатты қызығады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Шебер сүйекке сурет салумен 2014 жылдан бастап айналысады

"Өнердің бұл түрімен жеті жылдан бері айналысып жүрмін. Суретші болғандықтан сурет көрмелеріне қатысамыз. Бірде сүйекті жонып, бетіне сурет салу арқылы қолөнердің осы түрін бастадым. 2015 жылы істеген жұмыстарымды көрмеге апардым. Сол уақытта қолымнан шыққан дүние көптің көңілінен шықты", - дейді Бектас Кәрімұлы.

Суретшінің айтуынша, жауырын сүйекті пайдаланудың екі тиімді тұсы бар. Біріншісі – жауырын сүйектің қазақ танымында ерекше мәнге ие екені, екіншісі – сүйектің жалпақ болуы шеберлігін еркін көрсетуге мүмкіндік береді.

© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивіненМал сүйегіне сурет салатын шебер
Мал сүйегіне сурет салатын шебер: Қолөнер бұйымына қытайлар қатты қызығады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Мал сүйегіне сурет салатын шебер

"Сүйектен шеберлер бұрын да түрлі дүниелер жасаған. Бүгін пайда болған өнер деп айтуға келмейді. Сонымен қатар қазақта жауырын сүйектің сенім-нанымдық мәні де бар. Тарихи деректерде хан-сұлтанның жанында жауырыншы деген болған. Оқығаным бойынша, көрікпелдік қасиеті бар адамдар ғана жауырыншы болады. Олар келешекте не болатынын болжап отырған", - дейді ол.

Қазір шебер түрлі көрмеде өзі жасаған жұмысты тарихи деректер негізінде таныстырады.

Ал сүйектің пішіні өнер адамының бар ойын көрсетуге өте ыңғайлы. Шебердің жасаған жұмыстарының арасында тәуелсіздік, салт-дәстүр, ұлттық аспап секілді тақырыптар бар.

Сүйектегі сурет адамның қиялына байланысты

Шебер өзіне қажет сүйекті алыстан іздемейді. Сойылған малдың сүйегін алып қояды, көрші-қолаңға ірі қара сойса, жауырын сүйегін алып қою туралы ескерткен.

© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивіненЖұмыстардың арасында тәуелсіздік, салт-дәстүр, ұлттық аспап секілді тақырыптар бар
Мал сүйегіне сурет салатын шебер: Қолөнер бұйымына қытайлар қатты қызығады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жұмыстардың арасында тәуелсіздік, салт-дәстүр, ұлттық аспап секілді тақырыптар бар

"Қазақ болған соң ет жемей отыра алмаймыз. Мал сойған соң ет асылады, содан жауырын сүйегін сақтап қоямыз. Аудандағы көршілерім де осы іспен әуестенетінімді біледі. Ет комбинатынан да сүйек алып кетемін. Сүйекке сурет салуға не жонуға қатысты жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады. Сүйектің бойында май көп болады. Оны үйге әкелгеннен кейін майы ажырағанша қайнатамын. Шамамен оған 4-5 сағат кетеді. Әрі қарай 1-2 күн кептіріп, пайдалануға дайындаймын", - дейді ол.

Бірнеше сағат қайнаған сүйек ағарып әрі тазарады. Ірі қараның сүйегі қатты болатындықтан, қайнатқаннан кейін жұмсарады.

© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивіненКейде бір жұмысты аяқтауға бір апта, тіпті 10 күн қажет болады
Мал сүйегіне сурет салатын шебер: Қолөнер бұйымына қытайлар қатты қызығады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Кейде бір жұмысты аяқтауға бір апта, тіпті 10 күн қажет болады

"Сүйек бетіне кез келген сурет салуға болады. Ол адамның қиялына байланысты. Ірі малдың жауырын сүйегіне философиялық мәні бар суреттер салу ыңғайлы. Мәдениет үйінде суретші болып жұмыс істегендіктен, сүйекті ара-тұра қолға аламын. Себебі оған арнайы орын керек. Сүйекті жонған кезде жаман иіс шығады. Жұмыста арнайы жер жоқ. Ал өзім көпқабатты үйде тұрамын. Кейде балконға шығып жұмыс істеймін, күн жылы болса құрал-сайманымды аулаға шығарып, біраз еңбектенемін. Кейде бір жұмысты істеуге бір апта кетеді, кейде тіпті 10 күн қажет болады. Себебі күні-түні бұл жұмысты істеп отыра алмаймын, басқа жұмысым күтіп тұрады", - деп атап өтті шебер.

© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивінен
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады  - Sputnik Қазақстан
1/4
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады
© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивінен
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады  - Sputnik Қазақстан
2/4
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады
© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивінен
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады  - Sputnik Қазақстан
3/4
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады
© Photo : Бектас Кәрімұлының жеке архивінен
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады  - Sputnik Қазақстан
4/4
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады
1/4
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады
2/4
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады
3/4
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады
4/4
Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады

Оның сөзінше, қолдан шыққан жұмысты тамашалайтын адамдардың талғамы да әртүрлі. Көп жағдайда шетел көрмелеріне қатысатын шебер қолөнерге ел сыртында сұраныстың бар екенін айтты.

"Бірнеше жыл бұрын Өзбекстанға Қазақстаннан 22 суретші бардық, сол жерде сүйектен істеген жұмысым бірінші орын алды. Қолөнер бұйымын осындай көрмелерде сатып алады, әсіресе Қытайдан келгендер қатты қызығады. Уақ малдың сүйегіне салынған суреттің құны 10 мың теңгеден басталады. Ал ірі қараның жауырынына салынған сурет күрделі болуына қарай 30-50 мың теңгеге бағаланады", - дейді Бектас Кәрімұлы.

Өнер иесінің сүйек жонитын шәкірттері жоқ, алайда мәдениет үйінде суретшілік өнерге бір топ жасты баулап отыр. Бектас Кәрімұлы сирек кездесетін бұл өнерін әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, саудасын дөңгелету туралы ойламаған. Себебі ол үшін жақсы шеберхана қажет. Ал өзі жұмыс істейтін Шортанды ауданындағы мәдениет үйінде мұндай мүмкіндік жоқ.

Жаңалықтар
0