Мәдениет

Әлібек Дінішев президент қолынан марапат алды

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Әлібек Дінішев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әлібек Дінішев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Президент мәдениет майталманын мерейтойымен құттықтап, оның өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалады

АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. Халық әртісі Әлібек Дінішевке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бірілді. Марапатты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары кезінде табыстады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Әлібек Дінішевтің жарты ғасырға жуық атқарған қызметіне ризашылық білдірді.

"Қазақтың маңдайына біткен ең дарынды тұлғаларымыздың бірісіз. Бәріміз сізді мақтан тұтамыз. Қазақстанда да, шет мемлекеттерде де өзіңізді білмейтін адам жоқ. Әлемдік деңгейде сіздің өнеріңізді бәрі жоғары бағалайды. Педагог ретінде де қоғамдық жұмыстарда да белсендісіз. Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген еңбегіңіз орасан", - деді Қазақстан президенті.

Әлібек Дінішев мемлекет басшысына еңбегін бағалап, құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді.

"Менің шығармашылығымды бағалап, көрсетіп жатқан құрметіңіз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз айтқандай еліміздің де, шет мемлекеттердің де сахнасында өнер көрсетіп келе жатқаныма 45 жыл болған екен. 70 жас мерейтойыма жоғары дәрежелі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беріп жатырсыздар. Шексіз ризашылығымды білдіремін", - деді Әлібек Дінішев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлібек Дінішевке денсаулық, кәсіби және қоғамдық жұмысына табыс тіледі.

Әлібек Дінішев 1951 жылы 7 шілдеде Алматыда туған. Кеңестік және қазақстандық опера әншісі 1979 жылы Қазақ КСР-нің Халық әртісі, 1986 жылы КСРО-ның Халық әртісі құрметті атағын алған.

Оқи отырыңыз: Опера – таңдаулы адамдарға арналған өнер ме? Әлібек Дінішевпен сұхбат

 

Жаңалықтар
0