Мәдениет

"Ерекше әсерге бөледі": желіде Димаш орындаған әндердің видеосы тарады

© YouTube / Dimash Qudaibergen Димаш Кудайберген
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2021
Жазылу
Димаш Құдайберген Қазақстан халқының бірлігі күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған концертте өнер көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. YouTube желісінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің мерекелік концертте өнер көрсеткен видеосы тарады. 

Ол Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Түркі әлемінің бесігі – Түркістан" концертінде "Қайран Елім" композициясын орындады.

"Рахмет, Димаш! Мен сенің әніңді көз жассыз тыңдай алмадым. Нәзік әрі шебер орындауың жүрегімді тербетіп, ерекше әсерге бөледі", – деп жазды жанкүйерлердің бірі.

Айта кетейік, бұл туындының музыкасын композитор Ренат Ғайсин жазған. Ал мәтін автор Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір. Ән коронавирус эпидемиясы кезінде Қазақстан халқы бастан өткерген сан қилы сынақтарға арналған. 

Сондай-ақ, "Хабар" телеарнасында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерттің видеосы да жарияланды. Ол жерде Димаш халық әні "Дүрдаразды" нақышына келтіре орындаған. 

Жаңалықтар
0