05:35 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
10797 0 0

Екі айдан астам уақыт бұрын Мақпал Исабекова сүйіктісі ұсыныс жасағанын хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Әнші Мақпал Исабекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Қасиетті Рамазан айында бүгін Алланың қалауымен біз ерлі-зайыпты болдық. Достар, барлық құттықтау-тілектеріңізге рахмет", - деп жазды әнші Instagram-парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Исабекова Макпал (@makosyai)

Екі айдан астам уақыт бұрын Мақпал Исабекова сүйіктісі ұсыныс жасағанын хабарлаған болатын. Алайда кімге тұрмысқа шыққалы жатқанын айтпады.

"Мен сіздер түсінушілік танытады деп үміттенемін. Себебі менің күйеуім көпшілікке ашық емес. Ол менің Instagram желісіндегі әлемімнен мүмкіндігінше тыс қалғысы келеді. Оның пікірі мен қалауына құрметпен қараймын және өзінің еркінен тыс нәрсе жасауға мәжбүр етуге құқым жоқ", – деді Исабекова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Исабекова Макпал (@makosyai)

Айта кетейік, Мақпал Исабекова 1984 жылы Алматы облысы Жаркентте суретші мен психологтың отбасында дүниеге келді. SuperStarKZ жобасына қатысқаннан кейін халыққа таныла бастады. 2004 жылы "Тарлан" сыйлығының лауреаты атанды.

Оқи отырыңыз: "Қайдан табылған қарындас?": Мақпал Жүнісова көмек сұраған әйелге қатысты ойын айтты

Кілт сөздер:
Мақпал Исабекова
Загрузка...

Басты тақырып