Мәдениет

Қазақстанда екі жаңа комитет құрылды

© Sputnik / Владислав ВодневДом Министерств в Нур-Султане. Виды города
Дом Министерств в Нур-Султане. Виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Сондай-ақ мәдениет министрлігі жанынан жұмыс істейтін геральдикалық зерттеулер орталығы ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір - Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінде 2 жаңа комитет құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысында айтылды.

Құжатқа сәйкес министрлікте архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мен мәдениет комитеті құрылды.

Осы қаулыға сәйкес, архив істері және құжаттаманы басқару комитеті  жанынан "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі ашылды.

Оқи отырыңыз: "Бұл – айуандық": зиялы қауым өкілдері Ермек Тұрсыновтың әрекетін сынға алды

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек деген болатын.  Пандемия ке­зінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті. Президент 2021 жылы шенеуніктердің санын 25 процентке қысқартуды тапсырған болатын.

Жаңалықтар
0