Мәдениет

"Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той": Тоқаев желіде жазба жариялады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан — Sputnik. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той", - деп атап өтті президент.

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Ақынның азан қойып шақырған аты — Мұхаметқали. Бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен.

Ақынның әйелі не үшін өкінді: Мұқағали Мақатаев туралы қызықты деректер

Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан. Бұдан кейін 1964-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көреді. Бүгінде ақыннан 1 000-нан астам өлең мен поэма қалды. Ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала — Әкітай" өлеңдері 1949 жылы "Советтік шекара" газетінде басылып шықты. Бұдан кейін 1951 жылы "Інімнің ойы", "Шебер" өлеңдері "Жастық жыры" атты жинаққа енді.

Мұқағали Мақатаев поэма мен поэзиядан бөлек, аударма да жасаған.

Ақын 1976 жылдың 27 наурызында бауыр циррозы ауруынан көз жұмды.  
  

Жаңалықтар
0