Мәдениет

Тоқаев Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды

© Sputnik / Яков Берлинер / Медиабанкке өтуАртистка Казахской филармонии Роза Тажибаевна Багланова
Артистка Казахской филармонии Роза Тажибаевна Багланова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Роза Бағланова қазіргі күнге дейін елдегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды.

"2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы", - деп жазды президент Twitter-де.

Тоқаев майдан даласында ән салған Роза Бағланова қазіргі күнге дейін елдегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал екенін атап өтті.

"Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым", -деді ол.

Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Күміскөмей әнші, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы.

Соғысқа ерте аттанған қазақ әншілерінің бірі – Роза Бағланова. 1941 жылы соғыс оты тұтанғанда, өнер жұлдызы небәрі 19 жаста еді. Ол Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблімен бірге Ұлы Отан соғысы жылдары майданды аралап, өнер көрсетеді. Ал 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады.

Жаңалықтар
0