Мәдениет

Қазақстанда Санкт-Петербург музыка үйінің шеберлік сағаты өтті

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуСкрипка
Скрипка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемге әйгілі ресейлік орындаушылар қазақстандық жас музыканттарға онлайн шеберлік сағаттарын өткізді

АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда Санкт-Петербург музыка үйінің онлайн шеберлік сағаттарының топтамасы аяқталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы хабарлады.

Ресейдің жетекші педагогтары мен музыканттары жетекшілік ететін сабақтар мамыр айында басталып, қазақстандық музыка мектептері мұғалімдерінің де, олардың шәкірттерінің де үлкен қызығушылығын тудырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті  

Ресей педагогтары шеберлік сағаттарының онлайн топтамасы 3 желтоқсан, бейсенбіде аяқталды. Оларды Сергей Ролдугин, Михаил Гантварг, Андрей Диев, Максим Федотов, Алексей Массарский, Александр Мндоянц секілді әлемге әйгілі орындаушылар жүргізді.

"Пандемия кезінде Санкт-Петербург музыка үйі мен Россотрудничество өкілдігі керемет сыйлық жасады. Сабақтар өте үлкен сұранысқа ие болды. Олар біздің балаларымызға өздері үшін орындаушылық шеберліктің мүлдем жаңа көкжиектерін ашуға мүмкіндік берді", - дейді Павлодар қаласындағы балалар музыка мектебінің мұғалімі Елена Поршнева.  

Бүгін көрнекті педагог, Мәскеу мемлекеттік филармониясының профессоры Евгений Петров биылғы жылдың қорытынды шеберлік сағатын өткізді.

Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы мәдени бағдарламаларының директоры Ольга Скальчук ​​алдағы уақытта жаңа маусым мен ресейлік музыканттармен жаңа кездесулер күтіп тұрғанын атап өтті.

Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин бұған дейін Қазақстан мен Ресей арасында Ресейдің мемлекеттік академиялық үлкен театры және Санкт-Петербург музыка үйі мен "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры арасында ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Мемлекеттік академиялық үлкен театр мен "Астана Балет" театры арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасау туралы келісімге қол қойылғанын айтты.  

Жаңалықтар
0