Мәдениет

Димаш АҚШ-тың продюсерлік агенттігімен келісімшартқа қол қойды

© Photo : dimashnews.comКонцерт Димаша Кудайбергена в Риге
Концерт Димаша Кудайбергена в Риге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық IPZ агенттігі Димаштың әлемдік брендтермен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндігі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әртістер мен спортшыларды ілгерілетумен айналысатын америкалық IPZ компаниясымен келісімшартқа қол қойды.

Музыкант АҚШ аудиториясымен танысу өзінің карьерасындағы келесі қадам екенін атап өтті.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Димаш – Штаттарда енді танылып келе жатқан талантты әнші. Оның табысты карьерасын кеңейтуге зор мүмкіндігі бар. Ол өзінің ізбасарларымен байланыс орнатуға тырысатын әлемдік брендтердің активіне айналады", - деп IPZ ресми сайты ұйымның басқарушы серіктесі Роберт Зитоның сөзінен үзінді келтірді.

Оқи отырыңыз: Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео 

Димаш ата-анасына, достары мен туыстарына, сондай-ақ бүкіл Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"АҚШ аудиториясын қамту – менің карьерамдағы келесі қисынды қадам. Менің кәсіби өсуім әлемге елімнің мәдени байлығын көруге мүмкіндік береді деп үміттенемін", - деді Димаш.

Сайттың мәліметінше, IPZ – кәсіби спортшыларға, хабар тарату, цифрлық медиа және ойын-сауық саласындағы мамандарға стратегиялық және тактикалық шешімдер ұсынатын агенттік.

Бұған дейін Димаш қазақ тіліндегі алғашқы альбомын жазып жатқанын айтқан болатын. Ол әндері Батырхан Шүкеновтің репертуарына енген композитор Қуат Шілдебаевпен бірге жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0