Мәдениет

Нью-Йорктегі даңқ қабырғасында Димаштың суреті пайда болды

© Photo : Официальный сайт Димаша Кудайбергена dimashnews.comГастрольное турне Димаша Кудайбергена стартовало в Краснодаре
Гастрольное турне Димаша Кудайбергена стартовало в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 мың адам сиятын аңызға айналған Barclays Arena стадионында отандасымыз 2019 жылдың 10 желтоқсанда жеке концертін өткізген

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Нью-Йорктегі Barclays Arena-ның жұлдыздар галереясында Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды.

© Photo : Официальный сайт Димаша Кудайбергена Нью-Йорктегі Barclays Arena-ның жұлдыздар галереясында Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды.
Нью-Йорктегі даңқ қабырғасында Димаштың суреті пайда болды - Sputnik Қазақстан
Нью-Йорктегі Barclays Arena-ның жұлдыздар галереясында Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды.

"Арнау туры" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған концертте қазақстандық әнші фотоға түскен. 19 мың адам сиятын аты аңызға айналған стадионда көрермендерге орын жетпей қалған еді, - деп хабарлайды әншінің ресми сайты.

Осы кезге дейін Barclays Arena стадионындағы жұлдыздар галереясында әр жылдары Beyonce, Elton John, Justin Timberlake, Rihanna сияқты танымал өнер жұлдыздарының суреті болған.

Айта кетейік, Barclays Center Arena 2012 жылы Нью-Йоркте ашылған. Бұл жер "Бруклин Нетс" баскетбол командасы мен "Нью-Йорк Айлендерс" хоккей командасының "меншікті алаңы" ретінде әйгілі. Сонымен қатар, мұнда әлем жұртшылығының назарын аударатын сан түрлі спорттық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Тағы оқыңыз: "Солай болып қалды": Димаштың жұмыртқа сатып тұрғаны жайлы видео тарады

Ең алғаш рет Barclays Arena қабырғасында танымал хип-хоп орындаушы Jay-Z суреті бейнеленген.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, ресейлік кәсіпкер Михаил Прохоров 2009-2015 жылдары Barclays Arena-ны шамамен 1,5 миллиард долларға сатып алған. Ал 2019 жылы ол "Бруклин Нетс" командасымен қоса аренаны қытайлық миллиардер Джозеф Цайға шамамен 2,35 миллиард долларға сатып жіберген.

Жаңалықтар
0