08:48 20 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.88
  • EUR502.93
  • RUB5.51
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
717 0 0

Қазақстандық әртіс дәрігерлер жаңа үлгідегі пневмонияның тиімді емін тездетіп табады деп үміт білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген коронавирустың таралуына байланысты қытайлық жанкүйерлеріне сөз арнады.

"Мәскеудегі баспасөз мәслихатында Димаш қытайлық жанкүйерлеріне ерекше назар аударды. Әнші дәрігерлер өлімге әкелетін коронавирустың емін тездетіп табады деп үміттенетінін жеткізді", - деп жазды музыканттың ресми жаңалықтар сайты.

Қытайда Димаштың жанкүйері көп. Әнші осы елдегі I am singer конкурсына қатысқаннан кейін әлемге танымал болды. Ресейге және бірқатар Еуропа еліне гастрольдік сапар жасардан алдын ол Қытайға бірнеше рет барып, концерт берді.

Оқи отырыңыз: Димаштың Ресейдегі концерті қалай өтті – видео

Алдағы уақытта әнші Қытайға баруды жоспарлап отырған жоқ. Ол Қазан, Мәскеу, Рига, Киев, Гамбург, Дюссельдорф, Прага, Штутгарт және Минск қалаларында жеке концертін береді. Гастрольдік сапарлар 2020 жылдың 4 сәуіріне дейін жоспарланған.

Сейсенбі, 18 ақпанда Мәскеуде Димаш Құдайбергеннің, оның әкесі Қанат Айтбаев пен ресейлік композитор Игорь Крутойдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Димаштың концерттерінің кестесі

  • 2020 жылдың 20 ақпаны, "Татнефть Арена" спорт сарайы, Қазан, Ресей;
  • 2020 жылдың 23 ақпаны, "Екатеринбург-ЭКСПО"  конгресс орталығы, Екатеринбург, Ресей;
  • 2020 жылдың 7 наурызы,  Арена Рига, Латвия;
  • 2020 жылдың 9 наурызы , "Мегаспорт" спорт сарайы, Мәскеу, Ресей;
  • 2020 жылдың 11 наурызы, Спорт сарайы, Киев, Украина;
  • 2020 жылдың 19 наурызы, Barclaycard Arena, Гамбург, Германия;
  • 2020 жылдың 21 наурызы, Düsseldorf ISS DOME, Дюссельдорф, Германия;
  • 2020 жылдың 25 наурызы, TipSport-Arena, Прага, Чехия;
  • 2020 жылдың 29 наурызы, Hanns-Martin-Schleyer-Halle, Штутгарт, Германия;
  • 2020 жылдың 4 сәуірі, Минск-Арена, Беларусь.

Тақырып бойынша

Димаш Ресей атынан Евровидение байқауына қатыса ма?
Димаш Құдайберген Қытайда жыл әртісі атанды
Димаш виртуалды әншімен ән айтып, жұртты таңғалдырды - видео
Омбыда сәбилерге Димаш есімі жиі қойыла бастады
"Бір адамның "тапсырысы": Крутой Димаш жайлы қауесеттерге жауап берді
Кілт сөздер:
Қытай, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып