18:34 01 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
553 0 0

Әнші Нью-Йоркте өткен жоғары деңгейдегі концертінен кейін Отанына оралды. Оны бүгін жүздеген жанкүйері күтіп алды

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Жүздеген адам еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайбергенді елорда әуежайында қарсы алды. Ол бүгін астанаға Нью-Йорктегі концертінен кейін ұшып келді.

Әлемді мойындатқан әнші бүгін Нұр-Сұлтан қаласына оралды.

Димаштың жүздеген жанкүйері әуе айлағында бірнеше сағат бұрын жиналған. Ол жерде әртүрлі жастағы азаматтар болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DimashDears_news (@dimashdears_news)

Олар танымал орындаушыға "Димаш! Димаш!" деп дауыстап, ән айтып, қошемет көрсетті. Жиналғандардың көбі ол Қазақстанның мақтанышы екені жазылған, жұлдыздың суреттері бейнеленген плакаттармен келген.

Адамдардың көп келгені соншалық Димаш әуежайдан әрең шықты. Барлығы онымен суретке түсіп, қолтаңба алғысы келді.

Димаш - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Тәуелсіздік күні қарсаңында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Димаш Құдайберген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. Бұған қоса, Тамара Асар, Бибігүл Төлегенова, Сара Назарбаева мен Аружан Саин сияқты азаматтар түрлі мемлекеттік наградаға ие болды.

Тақырып бойынша

Димаш Құдайберген "Виктория" сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті – видео
Әнші, жазушы және шопан: Тоқаев Ақордада кімдерді марапаттады
Димашты Нью-Йорк әуежайында атақты америкалық спортшы қарсы алды
Қандастарымыз тоқтаусыз жылады: Димаштың АҚШ-тағы концерті қалай өтті – видео
Президент Сара Назарбаева мен Димашты марапаттады
Кілт сөздер:
әуежай, Нұр-Сұлтан, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып