Мәдениет

Қазақ пен қытайдың достығы жайлы фильм АҚШ-та бірнеше марапат алды

© Photo : CC0 / Steve BuissinneФортепиано
Фортепиано - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі ел бірлесіп түсірген "Композитор" кинотуындысы бірқатар аталым бойынша жеңіске жетті, фильмнің режиссері – Сирзат Яхуп

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова АҚШ-та үздік әйел рөлі үшін жүлде алды, деп хабарлайды Синьхуа.

Бұған қоса, туынды "Үздік ер адам рөлі", "Үздік саундтрек" және "Бірлесіп түсірілген үздік фильм" аталымдарында марапатталды.

Тағы оқыңыз: Самал Еслямова халықаралық кинофестивальде тағы да үздік актриса атанды 

Қытайлық режиссер Сирзат Яхуптың "Композитор" фильмі қытайлық композитор Сянь Синхайдың Қазақ радиосының хор басшысы Бақытжан Байқадамовпен достығы жайлы баяндайды. Картина екінші дүниежүзілік соғыс кезін суреттейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aruzhan Jazilbekova (@arujazz)

"Композитор" фильміндегі рөл үшін Golden Screen наградасын алдым! Енді ұйықтай да, тамақ та іше алмаймын! Себебі мен өте бақыттымын және ризамын. "Қазақфильмге" және біздің бүкіл түсірілім тобымызға рахмет! Қаламқас апаға қолдағаны үшін алғыс айтамын, мен оның анасын сомдадым. Әріптестерім Ділназ Нұрсейіт, Берік Айтжанов, Алтынай Нөгербек және де Ху Джунға (ол менің күйеуім емес) рахмет! Баршаңызға жылы лебіздеріңізге ризашылығымды білдіремін!", - деп жазды Ауружан өз Instagram парағында.

Жаңалықтар
0