Мәдениет

Димаш аты аңызға айналған тенормен бірге ән шырқады – видео

© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өтуПевец Димаш Куйдайберген на открытии конкурса "Новая волна - 2019" в Сочи
Певец Димаш Куйдайберген на открытии конкурса Новая волна - 2019 в Сочи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың туған күніне арналған концерттің алдында ұлы тенормен бірге Besame Mucho әнін шырқады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аты аңызға айналған әнші Андреа Бочеллимен бірге сахна сыртында ән айтып жатқаны жайлы видео жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Ұлы тенор Димашаты фортепианомен сүйемелдеп отырған. Әншілер Besame Mucho туындысын орындады.

"Маэстромен көріспегелі көп болып еді. Біз гример бөлмесінде ән айтуды жөн көрдік. Сахнаға шығатын уақытты күтіп отырмыз. Әлемдегі ең әдемі тенор Андреа Бочеллимен бірге", - деп жазды Димаш видеоға.

Тағы оқыңыз: Димаш ресейлік бағдарламада Назарбаев туралы әзілдеді – видео

Димаш 65 жасқа толған ресейлік композитор әрі продюсер Игорь Крутойдың мерейтойына арналған концертке қатысты.

Жаңалықтар
0