09:45 22 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
1820920

Игорь Крутойдың шығармашылық кешінде Димаш Құдайбергенге тыңдармандары құшақ-құшақ гүл сыйлады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Игорь Крутойдың "Новая волна" байқауы аясында өткен шығармашылық кешінде ән шырқаған Димаш Құдайберген көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, гүл шоқтарының астында қалды.

Шығармашалық кеште Димаш Игорь Крутойдың әйгілі хиті "Любовь, похожая на сон", сондай-ақ "Любовь уставших лебедей" әндерін орындады.

"Любовь, похожая на сон" әнін орындап болған соң көрермендер Димашқа қошемет көрсетіп, сахнаны түрлі гүл шоқтарына толтырып тастады.

Ал "Любовь уставших лебедей" әні орындалғанда Димаштың жанкүйерлері қасынан кетпей, артынша әннің қайырмасын қазақ әншісімен қосыла шырқады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sholpan Tabaeva (@sholpantabaeva)

Кеш соңында әртістердің бәрі сахнаға шығып, Игорь Крутой олардың әрқайсысын халыққа таныстырды.

"Әлемнің халық әртісі – Димаш Құдайберген!" – деді композитор қазақ әншісі туралы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Fan page (@dimash_support)

"Новая волна" байқауындағы шығармашылық кеш танымал композитордың 65 жасқа толған мерейтойына арналған. Кештің құрметті қонағы – Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойға "Достық" орденін табыстады.

Тақырып бойынша

Димаш тыңдармандарын сүйінші жаңалығымен қуантты
"Қауіпті болуы мүмкін": Димаштың ұстазы шәкіртіне қандай кеңес бергенін айтты
"Жылама!": Димаш фанаттарымен қалай қоштасқанын көрсетті – видео
Танымал ресейлік жүргізуші Димашты әлемнің жаңа секс-символы деп атады - видео
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып