Мәдениет

"Екінші анасымын": "Қазақстан аруына" қатыса алмай қалған бойжеткеннің әңгімесі

© Sputnik / Владислав ВодневАстана аруы Еркеназ Сейфулла
Астана аруы Еркеназ Сейфулла - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана аруы-2018" Еркеназ Сейфулла 2020 жылы өтетін "Қазақстан аруы" байқауына кастингсіз қатысуға дайын

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Осы жылдың мамыр айында астаналық ару "Қазақстан аруы" байқауында бақ сынауы тиіс еді. Алайда денсаулығы сыр беріп, сахнаға шыға алмай қалды. Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында Еркеназ Сейфулла қазіргі өмірі және отбасы жайлы әңгімеледі.

"Менің өмірімде ондай болған емес"

Финал қарсаңында Еркеназ Сейфулла басқа конкурсанттармен бірге Sputnik Қазақстан редакциясында қонақта болған еді. Нұр-Сұлтан қаласының аруы "Sputnik Қазақстан таңдауы" титулына ие болып, "Россия Сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің Мәскеудегі дизайн-орталығында үш күндік тағылымдамамен өтуге сертификат алды. Қазақстандық ару таяу арада бұл мүмкіндікті пайдалануды жоспарлап отыр.

"Қазақстан аруы" сахнасына Еркеназ денсаулығына байланысты шыға алмай қалды. Байқауды қатты уайымдап, шаршағаннан денсаулығы сыр берген көрінеді.

"Шынымен, сирек жағдай. Аяқ астынан ауырып қалдым, менің өмірімде ондай болған емес. "Қазақстан аруы" аренасында бәсекелестік рух болғаны рас. Бірақ маған зұлымдық ойлағандарды байқамадым. Сағым сынған жоқ, бір айдан кейін қазіргі ісімен оралдым". – деп бастады әңгімесін Еркеназ.

Астаналық ару байқаудағы қарсыластарына қызғанышпен қарамағанын жеткізді. Конкурстағы жағдай мен үшін бір белгі, деп санайды ол.

"Құдайдың жазғаны осы шығар. Бәлкім, мені болашақта бұдан да үлкен нәрсе күтіп тұрған шығар", - деді ол.

Байқау ұйымдастырушылары Еркеназға тағы бір мүмкіндік берді: бойжеткен келесі жылы өтетін "Қазақстан аруына"кастингсіз қатыса алады.

"Шақыруды қабыл алдым, бірақ бір жылдан кейін не болатынын сол уақытта көре жатармыз", - деді ол.

"Іні-сіңлілерімнің екінші анасымын"

Еркеназ – көпбалалы отбасынан шыққан, үйдегі тоғыз баланың үлкені. Артынан ерген үш інісі мен бес сіңлісі бар. "Астана аруы-2018" иегері жуырда 18 жасқа толды, бірақ өзін анағұрлым үлкен санайды екен.

"Кейде өзімді 21 жастағы қыз сезінемін. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік, өйткені іні-сіңлілерім менен үлгі алады. Олардың екінші анасымын десе де болады. Қыздар әлі кішкентай, ең үлкені тоғызда ғана. Мен сияқты боянғысы келеді. Айна алдында сәнденіп, биік өкшелі туфли киеді, осыдан кейін арамызда аздаған кикілжің туады. Кейде мен оларға ұрсамын. Меніңше, балаларды тым қатты еркелетіп, еркінсітуге болмайды", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿MISS ASTANA🇰🇿 (@misserkesha)

Еркеназдың кумирі анасы екен, айтуынша, анасы өте мықты әйел.

"Шаршағанын ешқашан да көрсетпейді. Бәріне позитивпен қарайтын жан. Оның осы қасиеті менің бойымда да бар, мен мұны мақтан тұтамын. Анам құрбым секілді", - дейді Еркеназ.

Елордалық бойжеткен әзірге өз отбасын құруға асықпайды. Ертеңгі күнге сенімді болған кезде ғана, тұрмысқа шығу керек, деп санайды ол.

"Бәріне үкіметті кінәлау дұрыс емес"

Бүгінде Еркеназ – Қазақ технология және бизнес универстетінің үшінші курс студенті. Оқу ордасындағы бір де бір мәдени шара астаналық бойжеткеннің қатысуынсыз өтпейді: Еркеназ мәдениет департаментінің жетекшісі, іс-шараларды ұйымдастыруға жауап береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿MISS ASTANA🇰🇿 (@misserkesha)

"Жастар екіге бөлінеді. Елдің дамуына өз үлесін қосып жатқандар бар, қол қусырып, қарап отырғандар бар. Жастар жылы оларға барлық жағдайды жасап беруі керек сияқты. Бірақ өмірде бұлай болмайды. Меніңше, саналы жас мұны түсінеді, сондықтан саясатқа араласып, оны түсінуге ұмтылады", дейді ол.

Еркеназ саясатқа қызығатынын, елдегі жаңалықтардан хабардар болып жүруге тырысатынын айтты.

"Оян, Қазақстан" қозғалысы туралы айтар болсам, мен оны қолдамаймын да, бірақ қарсы да емеспін. Адамдар өз пікірін білдіріп жатыр. Жақсы. Бұл жағдайда мен қалыс қалғанды құп көремін. Бірақ үнемі бәріне үкіметті кінәлау дұрыс емес", - деп санайды бойжеткен.

Бұл материалды Sputnik Қазақстанның орысша нұсқасынан толық оқи аласыз. 

Жаңалықтар
0