Мәдениет

Александр Затаевичтің жарыққа шықпаған еңбектері басылады

CC0 / / Книга
Книга - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда музыкалық этнограф Александр Затаевичтің 150 жылдығы кеңінен аталып өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал этнограф Александр Затаевичтің 150 жылдығы аясында қандай шаралар өтетінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр биыл қазақ фольклористикасын жүйелеп, жоғары әлемдік деңгейге шығарған танымал композитор, музыкалық этнограф Александр Затаевичтің 150 жылдығы кеңінен аталып өтіп жатқанын мәлімдеді.

"Алматыда "Музыкалық этнографиядағы тұлға, дәстүр мен мәдениет" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған әлемге танымал түрколог-лингвистер, музыкалық шығыстанушы ғалымдар және тағы басқа мамандар қатысты", - деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, қазан айында Мәскеу қаласында үлкен концерт өтеді. Оған Қазақстанның ұжымдары да қатысады.

"Бүгінде біздің архивистеріміздің көп жылдық еңбегінің арқасында Алекасандр Затаевичтің қазақ фольклоры туралы жарыққа шықпаған еңбектерін басып шығару бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған еңбектер отандық фольклористиканың "алтын қорына" кіреді", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша қараша айында халықаралық конференция ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Нұр-Cұлтан қаласында үлкен концерт өтеді.   

Жаңалықтар
0