Мәдениет

Ұлыстың ұлы күні: Наурыз мейрамы туралы мақал-мәтелдер

© Sputnik / Владислав Воднев Наурыз мерекесі
 Наурыз мерекесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Наурызға қатысты ұғымдар мен мақал-мәтелдер жайлы ақпарат

АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстан халқы Наурыз мейрамын тойлап жатыр. Бұл мерекені жылдың басы деп түсінген қазақ халқы оны асыға күткен. Сондықтан ұлық мейрам туралы мәлімет пен оған қатысты мақал-мәтелдерді ұсынуды жөн санадық.

Наурыз туралы не білеміз?

Наурыз – парсы сөзі, ол "жаңа күн" деген мағынаны білдіреді. 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні күн мен түн теңеледі, жер көктеп, күн жылынады. Мұны халық "Наурыз күні" деп атайды.

Наурызға қатысты ұғымдар

Наурыз 2018 в Алматы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Наурыз мейрамында дастарқанға қандай тағамдар қойылады
Әз.  Халық аңызында күн мен түннің дәлме-дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс екен. Оны "әз" деп атайды. Көшпенді қазақ халқы "Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін" деп жорамалдаған. Бұл ерекше гуіл 22 наурызға дейін үш күннің ішінде естіледі-міс. Сондықтан халық арасында "Әз болмай, мәз болмайды" деген сөз қалған. Үш күннің ішінде тырнақ пен шаш алуға болмайды. Әз өткенде жер көктеп, гүлдер бүршік жарып, күллі тіршіліктің тұла бойына жан бітеді.

Наурыз батасы. Халық мерекеде қыдырып, үйді-үйге барып, көже ішіп жүргенде берілетін бата түрі. Аты айтып тұрғандай көбінесе Наурыз мерекесі кезінде беріледі.

Наурыз көже.  Ұлыстың ұлы күні молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын тағам. Оны әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық қосылады, әрі мерекемен құттықтауға келген қонақтарға зор ықыласпен ұсынылады. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады.

Наурыз жұмбақ – наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат құбылысына, бұл айдағы амалдар мен ауа райының өзерісіне байланысты айтылатын жұмбақ өлең.

Наурыз тілек – Ұлыстың ұлы күні амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын ізгі тілек.

Наурыз төл – наурыз айында туған бота, құлын, бұзау "наурыз төл" деп аталады.

Наурыз - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Наурыз мейрамы: қазақтың ұлттық ойындары
Наурызша – наурыздағы қар атауы. Қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа қар.

Наурыз шешек – наурыз айында гүлдейтін көп жылдық өсімдік. Әсемдік үшін қолдан өсіруге болады.

Отамалы – 15 наурызда кіріп, 17 наурызда шығатын амал. Халық арасында "Отамалы, от алғанша, керегенің басын шот алғанша", "отамалы, отамалыдан қалған ата малы" деген мәтелдер бар.

Үт – саңылау, тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануы. Қазақ үт кірді деп оны жақсылыққа балайды. "Үт кірді, үйге құт кірді" деген қазақ мәтелінде күн нұрының жердегі тіршілікке жасар игі әсерін бейнелейтін үлкен мән бар.

Наурыз мейрамына қатысты мақал-мәтелдер

  • Сәуір болмай, тәуір болмас.
  • Наурыздан соң қыс болмас, Мизамнан соң жаз болмас.
  • Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын!
  • Сең жүредi көктемде астан-кестең, ақ атанның бауырын арқан кескен.
  • Көктем туа Наурыз келер, Күн менен түн теңелер.
  • Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!
  • Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
  • Сәуір болса күн күркірер, қараша қауыс, кәрі-құртаңды тауыс.
  • Жаз сайға қонба, қыс қырға қонба.
  • Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз.
  • Жыл бойы қайда болсаң, онда бол, белдезерде үйде бол.

(Белдезер — ақпан-наурыз айлары)

Мәліметтер ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
0