Мәдениет

"Көшеге шығамыз, болды" Министр Наурыз мейрамын тойлауды неге өзгерткісі келеді?

© Photo : пресс-служба СЦК Министр культуры и спорта Арыстанбек Мухамедиулы
Министр культуры и спорта Арыстанбек Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұхамедиұлының пікірінше, Наурыз кезінде балалар басты назарға алынбағанға дейін бұл мереке барлығын қамтып жатыр деп айту қиын

АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын неге басқа форматта атап өту қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жолаушылар пойызы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жолға шығады
Мәдениет министрінің пікірінше, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы жалпықазақстандық сипатқа ие болуы керек.

"Басты идея – мейрам балаларға арналуы тиіс. Әйтпесе, қазір біз көшеге шығамыз, аз ғана уақыт серуендейміз, сонымен болды. Ал балалар өз бетімен қалады. Мейрам кезінде балалар басты назарға алынбағанға дейін біз бұл мереке барлығын қамтып жатыр деп айта алмаймыз. Наурыз бәрінің басын біріктіретін мерекеге айналуы тиіс", - деді Мұхамедиұлы үкімет кулуарында.

Осы орайда министр күнтізбелік Жаңа жылды мысалға келтірді. Айтуынша, Жаңа жыл кезінде ересектер кішкентайларды қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатады.

"Барлығы балалардың айналасында шыр көбелек жүреді. Аяз Ата шақырады, балалардың көңілін көтереді. Ал Наурыз мейрамында балалар оқуда болғандықтан, мұны мереке деп атау қиын", - деп санайды Мұхамедиұлы.

Айта кетсек, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы заман талабына сай Наурыз мерекесінің форматын түбегейлі өзгерту қажеттігін мәлімдеген еді. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбие, қадір-қасиет беретін түрлері өте ерекше. Сондықтан Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныштылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек, деген еді ол.

"Жаңа жылдан әрбір бала тосын жаңалықтар күтеді. Наурызда да балалардың есінде қалатындай мереке сыйлағанымыз жөн. Демек, Наурызды тойлау арқылы біз бар жақсылығымызды, шарапатымызды бүлдіршіндерге арнауымыз керек", - деді министр.

Жаңалықтар
0