Мәдениет

"Мезгіл жетті": Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын тойлауды түбегейлі өзгертуді ұсынды

© Sputnik / Болат ШайхиновАрыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет министрі Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматын ұсынды

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы заман талабына сай Наурыз мерекесінің форматын түбегейлі өзгерту қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, енді Наурыз мерекесін басқаша тойлау керек.

"Заман талабына сай Наурыздың форматын түбегейлі өзгерту қажет. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбие, қадір-қасиет беретін түрлері өте ерекше. Сондықтан, Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныштылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек", - деді ол.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Мұхамедиұлы: бүгінгі басқосу – өнер мен мәдениеттің мерекесі

Арыстанбек Мұхамедиұлы ел арасында "Наурыз мерекесі бұқаралық сипаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда" деген пікір қалыптасқанын ашық айтты.

8 наурыз мерекесі қайдан шыққан?

"Сондықтан мерекенің өзіне сәйкес атрибуттарын қалпына келтіріп, фольклорлық-этнографиялық ауқымнан жалпы қазақстандық мереке дәрежесіне жеткізген жөн. Мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы", - деді министр.

Осы орайда ол Наурыз мерекесі халық арасында кеңінен тойлануы үшін әлі де жұмыстар жүргізілу қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, жаңа жылда Аяз Атаның, Рождествода Санта-Клаустың сәбилерге сыйлық беруі, отбасы мүшелерінің бір-біріне тарту-таралғы жасауы сияқты дәстүрдің берік орнығуы бұл мерекелерді халыққа барынша жақындатады.

Алексей Полторанин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мұхамедиұлы Австрияда Полтораниннің ұсталуына қатысты түсініктеме берді

"Жаңа жылдан әрбір бала тосын жаңалықтар күтеді. Наурызда да балалардың есінде қалатындай мереке сыйлағанымыз жөн. Демек, Наурызды тойлау арқылы біз бар жақсылығымызды, шарапатымызды бүлдіршіндерге арнауымыз керек. Қазіргі заманға лайықтап, шоколадпен көмкеріп, көрнекі қаптамасын жасап, көз тартар қорапқа салып, ұлттық тағам аясында әзірленетін жент, талқан, балқаймақ, кілегей, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік және тағы басқаларын әдемі де шақты етіп әзірлеу процесін жолға қоятын мезгіл жетті", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетсек, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы 21-23 наурызда аталып өтеді. Бес күн жұмыс істейтін азаматтар мерекеге орай 21 наурыздан 25 наурызға дейін демалады.

Жаңалықтар
0