Мәдениет

Димаш Қытайдағы сән апталығының ашылу салтанатында – толық видео

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әнші-феноменнің өнеріне мыңнан астам адам пікір білдірді

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Желіде танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Сиань қаласында One Way Trail халықаралық сән апталығының ашылу салтанатында айтқан әннің видеосы жарияланды. 

 Димаш  шоуда өнер көрсету үшін сұр түсті ұзын жейде мен ақ шалбар киді. Іс-шараның ашылуында ол  The Crown және Screaming әнін қытай және ағылшын тілінде орындады.  

Димаш сахнаға шығып, фанаттарымен "Сәлем, Dears" деп амандасты. Сонымен қатар, әнші көрермендерді бірге ағылшын тілінде ән айтуға шақырды.

Димаш Құдайберген ән салып тұрған кезде шоуды ұйымдастырушылар сахнада жарық шоуын қойды.  

Осыдан кейін сән апталығының ашылу салтанатына қатысатын сұлулар сахнаға бірінен кейін бірі шықты. 

Димаштың өнеріне жанкүйерлері бұл жолы да тамсанып, қызу қолдау көрсетті.

YouTube-тегі роликтің астына мыңнан астам адам пікір жазды.

Ең адал жанкүйерлер сахнадағы көріністі жазып алып, әлеуметтік желілерде суреттер мен видеоларды бөлісіп отырды.

Бұдан бұрын Димаштың Сианьдағы Халықаралық сән апталығының қызыл кілемінде жүріп өткені туралы видео жарияланған болатын.  


Жаңалықтар
0