Мәдениет

Ашық-шашық киіммен пианинода ойнаған қыз жұрттың сөзіне қалды - видео

CC0 / / Пианино мен қыз
Пианино мен қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-та тұратын пианист қыз Лола Астанованың киім киісін желі қолданушыларының біразы жақтап, біразы даттап жатыр

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. АҚШ-та тұратын пианист қыз, Өзбекстан елінің тумасы Лола Астанова фортепианода әйгілі классикалық туындыларды ойнайды, алайда сахнаға киіп шығатын ашық-шашық киімі ел-жұрттың сынына ұшырап отыр.

Музыкалық дарыны бар, сымбатты қыз қысқа көйлек, біз өкше туфли киіп, Бах пен Моцарттың музыкасын беріліп орындайды. 

Пианист қыздың концерттер мен студияда түсірілген видеоларын әлеуметтік парақшасында мыңдаған адам тамашалапты. Бірақ арудың аудиториясы екі жақ болып бөлініп алған сияқты. Музыкантты сынға алғандар оның киім киісін ғана емес, орындау қабілетін де сөгіп жатыр. 

"Бұлай тек гинекологтың кабинетінде ғана отыруға болатын шығар! Жә, Шопенді қойшы, ең бастысы – аяғым қандай әдемі дей ме? Айыпқа бұйырмаңыздар", - деп Marika атты Twitter қолданушысы ашуын жасырмады. Оның ойынша Лоланың орындау шеберлігі "түкке тұрмайды".

"Мына бетсізді қараңыздар, ұятты жерін шашымен ғана жауып отыр!", — деп жазды Рыжий Бэтмен.

Алайда халықтың басым көпшілігі Лола Астанованың сұлулығы мен музыкалық қабілетіне тәнті.

"Сізге рахмет. Аузына келгенді жазатындарға мән бермеңіз... Қанатыңыз талмасын...", - деп жазды rafael__guseynov Іnstagram желісінде.

"Әйел сұлулығы мен көркем музыканың керемет үйлесімі!!! Тамаша! Сұлу қыз! Муза!!!" — деп келіседі igor.pchelyakov.

Ал Лола Астанова жағымсыз пікірлерге қарамастан, түрлі видеорликтер мен суреттерін желіге салудан бір тынбайды.

Микрофон - Sputnik Қазақстан
Өзбек әншісі клипке ашық-шашық киіммен түскені үшін лицензиясынан айырылды

Ол алты жасынан бастап музыкамен айналысыпты. Әуелі Ташкенттегі Успенский атындағы музыкалық мектебінде білім алып, кейін Мәскеу консерваториясында оқыған.

Ол жеке концерттерімен, оркестрмен Германия, Франция, Италия, Австрия және Ресейде көрермен қошеметіне ие болды.

2003 жылы Астанова АҚШ-қа қоныс аударған.

Жаңалықтар
0