20:51 26 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR503.38
  • RUB5.60
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
3421 0 0

Сот процесінің басталғанына бір жылдан астам уақыт болған

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Өмір көрсеткендей кейбіреулер ажырасқан соң мүліктің теңдей бөліну керектігін түсінбейді. Барлығын тартып алмақ. Баян Алагөзова бақытты өмір сүрулеріне кедергі келтіріп отырған күйеуінің бұрынғы әйеліне осылай ашуланды.

Белгілі қазақстандық продюсер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жоғарғы сот төрағасы Жақып Қажыманұлынан көмек сұрады. Бұған күйеуі Тұрсын Алагөзовтің бизнестегі қиындықтары себеп болған.

"Құрметті Жақып Қажманұлы! Мен дәл осылай болады деп, қоғамдық резонансты пайдаланып жоғарғы сот төрағасына ашық хат жазамын деп ешуақытта ойлаған емеспін. Бірақ өмір мұнсыз болмайтынын көрсетіп отыр. Бір кездері бизнесті қолға алған адам жиған-тергенінен айырылғалы тұр. Жақып Қажманұлы, 2018 жылдың жарты жылдық қорытындысында сіз өзгенің бизнесін иеленіп алу үшін сот секторын пайдалану туралы айтқан болатынсыз. Бұл расымен де қазіргі таңда бар проблема! Осы туралы дауыстап айтуыма тура келіп отыр. Сіз соттың қате жіберуі мүмкін екенін айтып өттіңіз. Алайда бұл алдын ала құрылған "жоспар" бойынша жасалса, қылмыс болып саналмақ!" — деді продюсер.

Әрі қарай Баян Алагөзова күйеуі екеуінің де өз бизнестерін басынан бастағандарын жазды. Сондай-ақ, салық төлеп, мемлекетті жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқандарын айтып өтті.

"Біз салық төлеп, адамдарды жұмыспен қамтып отырмыз. Мемлекет игілігі үшін еңбектеніп, оны жақсарту үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз. Сол себепті мен оның қазір қандай күйде екенін, әділдікті жан-тәнімен қалайтынын түсінемін. Өмір көрсеткендей кейбіреулер ажырасқан соң мүліктің теңдей бөліну керектігін түсінбейді. Барлығын тартып алмақ", — деп Алагөзова өмірлерінің шырқын бұзып отырған күйеуінің бұрынғы әйелі екенін айтты.

Сот процесінің жүріп жатқанына бір жылдан астам уақыт болған. Сондай-ақ, Алагөзова сот төрағасының әділ шешім қабылдайтынына сенетінін жеткізді.

Тақырып бойынша

Баян Алагөзованың әпкесі ерекше дауысымен жұртты тамсандырды — видео
Баян Алагөзова не үшін кешірім сұрады?
Баян Алагөзова мен МС Сайлаубек үйлерін көрсетті
Баян Алагөзова Алматы судьясын бар шындықты айтамын деп қорқытты
"Қазақ аруы" кастингіне келген қыздарды Баян Алагөзова қуып шықты
Баян Алагөзова кімдерді "бейшара" деп атады?
Баян Мақсатқызы тұрмысқа шықты
Кілт сөздер:
көмек, сот, күйеуі, бизнес, продюсер, Баян Алагөзова
Загрузка...

Басты тақырып