Мәдениет

Баян Алагөзова тұрмысқа шығуы туралы: мен қателестім

© Photo : Instagram / tursen_alaguzovБаян Алагөзова
Баян Алагөзова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алагөзова бұрынғы күйеуінің жақсы отағасы болғанын айтты

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Продюсер Баян Алагөзова "Сестры Малахова" бағдарламасында өзінің бұрынғы күйеуі туралы айтты. 

Баян Мақсатқызы (Есентаева) - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баян Алагөзова не үшін кешірім сұрады?

Алагөзованың құрбысы әрі тележүргізуші Снегина сұхбатты продюсер үшін ауыр тақырыптардың бірінен бастады. Дәлірек айтсақ, Баянға сол кездегі заңды некедегі күйеуі Бақытбек Есентаевтың шабуыл жасауынан. Бір кездері Есентаев қызғанышқа бой алдырып, продюсерді пышақтап тастаған еді.

"Сен неге ұзақ уақыт шыдап келдің?" деп сұрады тележүргізуші. Сондай-ақ, ол Баян Алагөзованың барлық дерлік сұхбатында осы қайғылы жағдайға дейін күйеуін мақтап келгенін айтып өтті.

"Менің бұрынғы күйеуім жақсы отағасы, қыздарыма жақсы әке бола білді. Бірақ жақсы көремін-көрмеймін, қалаймын-қаламаймын деген түсінік бар. Бұл арамыздың сууына басты себеп болды. Мен қателік жібердім — 24 жыл бұрын ойланбай, кенеттен тұрмысқа шықтым. Оған мен айтқым келмейтін өзіндік себептер болды. Мұнымен қатар, арамызда тамаша сәттер мен жылы естеліктер де болды. Сол себепті мен өткен өмірімде бақытсыз болдым деп айта алмаймын. Қалай десек те жақсы сәттер көбірек есімде қалыпты. Бұл адам мені қатты жақсы көрді. Махаббатының қатты болғаны соншалық осы сезімге тұншыққандай әсерде жүрдім", — деді Алагөзова.

Күйеуінің қызғануына Баянның кәсіпкер Тұрсынғалимен қарым-қатынасы себеп болған.

"Сол себепті мен күйеуіме шыдап келдім деп айта алмаймын. Бар болғаны күтпеген жерден ғашық болып қалдым. Және бұл оқиғаның немен аяқталғанын барша қазақстандық біледі", — деді ол.

Бақытбек Есентаев 2016 жылдың қараша айында әйелін пышақтағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы жайсыз жағдайдан кейін Баян Есентаева тегін өзгертті.

Өткен жылдың желтоқсан айында Баян мен Тұрсынғали Алагөзов үйленді.

Жаңалықтар
0