Мәдениет

Танымал продюсер Ескендір Хасанғалиев үшін дұғада болуды сұрады

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОта
Ота - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Еліміздің бас қаласында халық әртісі Ескендір Хасанғалиевке ота жасалып жатыр. Бұл туралы "Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов хабарлап, көпшіліктен дұғада болуды өтінді.

Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Рымбаева бетіне жасалған пластикалық ота туралы айтты

Танымал продюсер өзінің Instagram парақшасында сазгер әрі әнші Ескендір Хасанғалиевке ота жасалып жатқаны туралы жазды. Әзірге отаның қаншалықты күрделі екені және не үшін жасалып жатқаны белгісіз.

"Күндердің сұлтаны, қасиетті жұма күні қазақ эстардасының ақсақалы Ескендір Хасанғалиев ағамызға Астана қаласында ота жасалып жатыр. Дұғада болайық, достар! Аман-есен сауығып, ортамызға оралсын! Өткен жұмада жеңгем Нұрсұлу Әбдірайымоваға ота жасалып, бәрі ойдағыдай өтті. Әуелі Алла, сосын сіздердің дұғаларыңыздың арқасы деп түсінеміз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз отбасымыздың атынан. Кеселді беретін де, шипаны беретін де Алла", — деді продюсер.

Әлеуметтік желі қолданушылары да халық әртісі үшін алаңдайтындарын жазып, денсаулық пен амандық тіледі.

Жаңалықтар
0